Пятница, 31 июля, 2026
Басты бетAtamekenPLAST INVEST кәсіпорнында қауіпсіз еңбек тақырыбы көтерілді

PLAST INVEST кәсіпорнында қауіпсіз еңбек тақырыбы көтерілді

Жамбыл ауданының Үңгіртас ауылында орналасқан PLAST INVEST кәсіпорнында еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне арналған кездесу өтті. Іс-шараға «Әділет» партиясының сайлауалды штабының мүшелері мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу және жұмыс орындарындағы қауіп-қатерді азайту мәселелері талқыланды. Мамандар еңбек жағдайларын жақсартудың заманауи тәсілдері мен қауіпсіздік талаптарын сақтау маңыздылығына тоқталды.

Атап айтқанда, өндіріс орындарын аттестаттаудан кәсіптік қауіп-қатерді бағалау жүйесіне көшу қажеттігі сөз болды. Бұл тәсіл жұмыс орнындағы ықтимал қауіптерді алдын ала анықтап, олардың алдын алу шараларын уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін дамыту, зардап шеккен қызметкерлер мен олардың отбасыларына қолдау көрсету мәселелері де қозғалды. Қауіпсіздік талаптарын сақтауға және еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған шаралардың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды.

Кездесу соңында кәсіпорын қызметкерлері еңбек қауіпсіздігіне қатысты өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments