Цифрлық ғасырда технологиялардың дамуы біздің өмірімізді жеңілдеткенімен, жаңа қауіптер де туғызды. Интернет алаяқтығы – соның бірі. Алаяқтар күн сайын жаңа тәсілдер ойлап тауып, жалған хабарламалар, әлеуметтік желілер және телефон қоңыраулары арқылы адамдардың сеніміне еніп, олардың жеке деректері мен қаражатын иемденуге тырысады. Бұл мәселе бүгінде баршамызды алаңдатып отыр.
Дегенмен, алаяқтықтың құрбаны болмау – әрбір азаматтың қолында. Ең бастысы – сақтық пен саналылық. Ешқашан бейтаныс адамдарға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды немесе құпия сөздерді айтпаңыз. Егер сізге күмәнді сілтеме келсе – оған өтпеңіз, ал ақпаратты тек ресми сайттар мен ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз. Бұл қарапайым ережелер сіздің қауіпсіздігіңіздің негізі.
Қырағылық танытып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы интернет алаяқтарының құрбаны болудан сақтануға болады. Өзіңізді ғана емес, жақындарыңызды да ескертіңіз. Бірге – қауіпсіз цифрлық кеңістікте!
#ИнтернетАлаяқтық #Қауіпсіздік #СақБолайық


