Суббота, 1 августа, 2026
Басты бетЖаңалықтарНашақорлық – ұлт қауіпсіздігіне төнген сын

Нашақорлық – ұлт қауіпсіздігіне төнген сын

Нашақорлық – қазіргі заманның ең күрделі әлеуметтік проблемаларының бірі. Ол жеке адамның физикалық және психикалық денсаулығына ғана емес, оның отбасына, еңбек қабілетіне және қоғамдағы орнына да орны толмас зиян келтіреді. Сонымен қатар есірткіге тәуелділік қылмыстың, отбасылық жанжалдардың және әлеуметтік шиеленістің басты себептерінің бірі болып табылады.

Есірткіге қарсы күрес – бұл тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның міндеті. Салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында профилактикалық жұмыстарды жүргізу – осы мәселені шешудің негізгі жолдары. Әрбір азамат өз денсаулығына және өз ортасына жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Есірткісіз қоғам – дені сау ұлт пен тұрақты дамудың кепілі.

#Нашақорлық #СалауаттыӨмір #ЕсірткігеЖоқ

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments