Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында 1106 қатысушысы "Ashyq"платформасынан шығарылды

Алматы облысында 1106 қатысушысы «Ashyq»платформасынан шығарылды

Өңірде 9285 нысан «Ashyq» пилоттық жобасының қатысушылары болып табылады. Мониторингтік топ шағын және орта бизнестің 5622 субъектісін қамтып, қосымшаны дұрыс есем пайдалану фактілері анықталды, тиісінше жобаның 1106 қатысушысы «Ashyq»платформасынан шығарылды. Бұл туралы Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз-қызметі мәлімдеді.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша 2021 жылғы 10 маусым мен 23 қыркүйек аралығындағында Алматы облысысында 3433 адамның санитариялық-карантиндік режимді бұзғаны анықталды. Оның ішінде, «қызыл» мәртебесі бар 2563 және «сары» мәртебесі бар 870 тұлға тіркелді.
— «Қызыл» мәртебесі бар тұлғаларға қатысты 4 331 745 теңге сомасына 99 айыппұл салынды. Сондай-ақ, «сары» мәртебесі бар азаматтарға қатысты үй карантині шарттарын сақтау қажеттілігі туралы талаптары бар 320 қаулы берілді»,-дейді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз-хатшысы Алия Шагиахмет.
Айта кетейік, соңғы тәулікте аймақта короновирустық инфекцияның 256 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны — 0,5%. КВИ анықталған 256 жағдайының 48-і 14 жасқа дейінгі балалар , оқушылар арасында 46, студенттер арасында 10 және мұғалімдер арасында 14 жағдай тіркелген.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments