«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында экологиялық ағарту жұмыстарына ерекше мән беріліп отыр. Үкімет деңгейінде экологиялық ағартудың бірыңғай стандартын енгізу жоспарланған. Бұл мектептер мен басқа да білім беру ұйымдарында табиғатты қорғау, тазалық сақтау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін жүйелі түрде қалыптастыруға жол ашады.


