Воскресенье, 23 августа, 2026
Басты бет23 тамыз - Құрылтай сайлауы«Тақиялы періште» кейіпкерлері сайлау учаскесінде

«Тақиялы періште» кейіпкерлері сайлау учаскесінде

23 тамыз күні Ұзынағаш ауылындағы Қарасай батыр көшесі, №6Г мекенжайында орналасқан №271 сайлау учаскесінде ерекше көрініс орын алды.
Сайлау учаскесіне ауданға танымал мәдениет үйінің маманы Алтай Асқаров пен Бибінұр Жылқыбаева қазақ киносының көрермен жүрегінен орын алған «Тақиялы періште» көркем фильмінің кейіпкерлері — Анасы мен Тайлақтың бейнесінде келіп, өз таңдауларын жасады.
Көпшілікке жақсы таныс фильм кейіпкерлерінің бейнесіндегі ана мен баланың ерекше келбеті сайлау учаскесіне келген тұрғындардың назарын аударып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл бастама халқымыздың кино өнері мен ұлттық мәдениетіне деген құрметтің көрінісі болды.
Бірнеше ұрпаққа таныс фильм кейіпкерлерін бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, Алтай Асқаров пен Бибінұр Жылқыбаева қоғамдық маңызы бар шараға өзіндік сән қосты. Ана мен баланың бірге келіп, өз таңдауларын жасауы отбасылық құндылықтар мен азаматтық белсенділіктің үйлесімін көрсетті.
Сайлау учаскесіндегі бұл ерекше көрініс тұрғындардың қызығушылығын оятып, жылы әсер сыйлады. «Тақиялы періште» кейіпкерлері бұл күні кино экранынан емес, өмірден көрініп, №271 сайлау учаскесіндегі есте қаларлық сәттердің біріне айналды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments