Алматы облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен Алматы облысының ҮЕҰ консалтингтік орталығы жыл сайын «Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесін» ұйымдастырып, 2021 жылы байқаудың жеңімпаздарын айқындады.
Байқаудың мақсаты – азаматтық қоғамды дамыту, оның институттарының әлеуетін өзекті әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге тарту, одан әрі start up қаржыландыру үшін азаматтық бастамаларды қолдау болып табылады.
Байқау екі кезеңде, 5 номинация бойынша өтті:
– «Тең мүмкіндіктер қоғамы»;
– «Әлеуметтік кәсіпкерлік»;
– «Қоршаған ортамен үйлесімде»;
– «Ауылдық өмір»;
– «Жастарға бастау».
Биылғы 2021 жылы өткен Байқауға 50 астам өтініштер түсіп, арнайы критерийлер бойынша ең үздік 10 жоба анықталды. Яғни, жалпы Қоры – 10 000 000 теңге, оның ішінде 1 000 000 теңгеден 10 жоба қаржыланды. Шағын гранттар үшін бөлінген қаражат әлеуметтік жобаны іске асыру үшін техникалық база және материалдық көмек түрінде беріледі.
2021 жылғы жеңімпаздар:
– «Алма бақ» экомектебі» жобасы – «Алакөл Экосистемасы» қоғамдық бірлестігі, басшысы Бектемисова Кульяра Жумжумановна;
– «Выездное обучение компьютерным навыкам для граждан с ограниченными возможностями» жобасы – «Федерация спортсменов инвалидов «Жiгер-М» қоғамдық бірлестігі, басшысы Ходжамуратов Тажигали Абдижамилович;
– «Здоровая сельская жизнь!» жобасы – «Қос қанат Жетысу» қоғамдық бірлестігі, басшысы Радионова Елена Николаевна;
– «Атмосферадағы таза ауа» жобасы – «Мерейлі шуақ» жастар қоғамдық бірлестігі, басшысы Нурханов Қайрат Муқатайұлы;
– «Клуб здоровья «ШЫМЫР» жобасы – «Ескелді аудандық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі, басшысы Карипова Дина Бекетаевна;
– «Скоро в школу» жобасы – «Открытый мир» жеке қоры, басшысы Бейсеева Айгерим Жанабаевна;
– «Социальная стоматология» для молодежи с нарушением слуха» жобасы – «Жетысу» мүгедектер қоғамдық бірлестігі, басшысы Дулыханова Жулдыз Мейрамбековна;
– «Алақай-Балақай» анниматорлар жобасы – Қаратал ауданы жастарының «Жастар тандауы» қоғамдық бірлестігі, басшысы Рақметқазынов Нұржан Нұрланұлы;
– «Қозғалыс – бұл өмір» жобасы – «Болашақ бағдары» қоғамдық бірлестігі, басшысы Илипов Нуржан Маратович;
– «Чистота – залог здоровья!» жобасы – Сарқан ауданы еріктілері «Парыз» жастар қоғамдық бірлестігі, басшысы Кенешев Мақсат Құлтайұлы.
Аталған әлеуметтік жобаларға мониторинг жіргізіліп, арнайы видео түсіріледі.