Воскресенье, 27 сентября, 2026
Басты бетAtamekenБейнеттен береке тапқан

Бейнеттен береке тапқан

Маңдай термен атқарылған адал істің өтеуі де, қадірі де қашанда бөлек. «Еңбек бəрін жеңбек» деген халық даналығының мəнін өз өмір жолымен дəлелдеп жүрген азаматтар арамызда аз емес. Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күніне орай біз өз ісіне шын берілген, бейнеттен береке тапқан еңбек адамы, бала күнінен техниканың тегеурінді тіршілігіне қызығып, трактор мен автокөліктің тізгінін ұстауды армандаған ауыл баласы бүгінде таңдаған кəсібінің білікті маманына айналған ұлағатты ұстаз, Жаңақұрылыс ауылының тұрғыны Бақыткелді Абуовпен сұхбаттасқан едік.

– Бақыткелді, бала күнгі арманыңызға қалай қол жеткіздіңіз?

– Мен туған жердің таза ауасымен тыныстап, қазақтың кең де жазиралы даласының төсінде ер жеттім. Ауылдың тыныс-тіршілігі, дала жұмысы, еңбек адамдарының күнделікті бейнеті бала кезімнен көз алдымда болды. Əсіресе техникаға деген қызығушылығымның оянуына атамның еңбегі ерекше əсер етті. Атам Қойгелді Əбуұлы ауданның Майбұлақ, Қызылəскер, Қарасу, Үмбетəлі, Жаңақұрылыс, Ынтымақ ауылдарындағы трактор-егіс бригадасының бригадирі болып ұзақ жылдар еңбек етті. Ауыл шаруашылығының қыр-сырын жетік меңгерген білікті механизатор, елге сыйлы еңбек адамы еді. Ерен еңбегінің арқасында Мəскеуде өткен Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысып, еңбегі жоғары бағаланды. Қант қызылшасынан мол өнім алып, облыс көлемінде жоғары көрсеткішке қол жеткізгені үшін сол кездегі облыстың бірінші хатшысы болған Асанбай Асқаровтың қолынан марапат алғанын да ел аузынан естіп, мақтан тұтып өстік. Атамның есімі аудан көлемінде үздік механизатор ретінде құрметпен аталды. Сол себепті болар, бала кезімнен техникаға ерекше əуес болдым. Əсіресе трактор мен автокөліктің гүрілдеген үні құлағыма майдай жағатын. Техниканың қалай жұмыс істейтініне қызыға қарап, «осындай машиналардың тізгініне өзім де отырсам ғой» деп армандайтынмын. Мектепті бітірген соң бала күнгі қызығушылығымды жүзеге асыру мақсатында сол кездегі атағы дүркіреп тұрған Қордай ауданындағы ауыл шаруашылығы колледжіне оқуға түстім. 2014 жылы оқуымды ойдағыдай аяқтап, тракторшы-машинист, автокөлік жүргізушісі мамандығын меңгердім.

– Мамандықты таңдау бір басқа, оны өмірлік кəсіпке айналдыру бір басқа. Еңбек жолыңыз қалай басталды?

– «Талпына білсең, тау асасың» деген тағылымды сөз бар. Мен де өз мамандығым бойынша еңбек етуге талпынып, Ұзынағаштағы жастар үшін өзіндік орны бар оқу орындарының бірі – Жамбыл атындағы кəсіптік колледжге өндірістік оқыту шебері болып жұмысқа орналастым. Мені қызметке қабылдап, алғашқы еңбек жолыма бағыт берген сол кездегі колледж директоры Жұмаділ Шаяхметов ағамыз еді. Оқу орнында жастар алты түрлі мамандық бойынша білім алып, өздері таңдаған кəсіптің қыр-сырын меңгеретін. Біз студенттерге теориялық білім берумен қатар, өндірістік тəжірибеге де ерекше мəн бердік. Көктемде тракторға соқа тіркеп, жер жыртуды, жазда комбайн тізгіндеп, астық жинауды, ал күзде трактормен түрлі дала жұмыстарын атқаруды үйреттік. Осылайша жастарды ауыл шаруашылығы саласының қыр-сырына іс жүзінде баулыдық. Кейінгі

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments