Вторник, 10 ноября, 2026
Басты бетAtamekenКонституция – жер мен ел байлығының құқықтық кепілі

Конституция – жер мен ел байлығының құқықтық кепілі

 

Конституция – мемлекеттің тұтастығын сақтап, қоғамның тұрақты дамуына бағыт беретін басты құжат. Ата Заңда азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары айқындалып қана қоймай, елдің экономикалық әлеуетін арттыруға, табиғи байлықтарын қорғауға және ұтымды пайдалануға негіз қаланған. Осы тұрғыдан алғанда, ауыл шаруашылығы саласының дамуы да Конституциямен тығыз байланысты. Жер – елдің ең басты байлығы, ал оны тиімді пайдалану – келешек ұрпақ алдындағы ортақ міндет. Конституцияда жер мен табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені бекітілген. Бұл қағида жерге деген жауапкершілікті арттырып, табиғи байлықтарды ел игілігіне жарату қажеттігін көрсетеді. Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды тіректерінің бірі. Мал шаруашылығы мен егіншілік арқылы халықтың тұрмыс-тіршілігі қалыптасып, ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артады. Сондықтан шаруалардың заңды құқықтарын қорғау, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, жер қатынастарын реттеу және еңбек адамдарының мүддесін сақтау – саланың тұрақты дамуының маңызды шарттары. Бүгінде ауыл еңбеккерлері азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп келеді. Олардың еңбегін бағалау, шаруашылықтарды дамытуға қолайлы жағдай жасау және ауыл инфрақұрылымын жақсарту – мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі. Конституцияның басты құндылығы – заң үстемдігін қамтамасыз етіп, әр азаматтың құқығы мен мүддесін қорғауында. Ал жерді заңға сәйкес пайдалану, қоршаған ортаны сақтау, табиғи ресурстарға ұқыптылықпен қарау – әрбір азаматтың міндеті. Ата Заңды құрметтеу – оның талаптарын орындаудан, ел байлығына жанашырлықпен қараудан басталады. Жерін қадірлеген, еңбегін бағалаған, заңын құрметтеген елдің болашағы берік. Сондықтан Конституция – тек құқықтық құжат емес, ел бірлігі мен экономикалық өркендеудің де маңызды кепілі.
Нұрпейісов Аян, Жамбыл аудандық ауылшаруашылы бөлімінің басшысы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments