Вторник, 6 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтар🚑 Жедел жәрдем қайда келе жатыр: қазақстандықтар көлікті нақты уақытта бақылай алады

🚑 Жедел жәрдем қайда келе жатыр: қазақстандықтар көлікті нақты уақытта бақылай алады

 

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жаңа бұйрыққа қол қойды.

13 қазаннан бастап енгізілетін өзгерістер:

🔹 Шақыртулар шұғылдықтың төрт санатына бөлінеді. Ең шұғыл шақыртуға бригада 10 минутта, екінші санатқа — 15 минутта, үшіншіге — 30 минутта, кезек күттірмейтін шақыртуларға — 60 минутқа дейін жетуі тиіс.

🔹 Жедел жәрдемді тек 103 нөмірі арқылы ғана емес, қосымшалар, мессенджерлер және чат-боттар арқылы да шақыруға болады. Шақыртқаннан кейін көлікті нақты уақытта бақылау мүмкіндігі пайда болады.

🔹 Бригадалар GPS, бейнекамералар және бейнежетондармен жабдықталады. Медиктерге қауіп төнсе, шақыртуға полиция келуі тиіс.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#жеделжәрдем #медицина #Денсаулықсақтауминистрлігі #Қазақстан #Әлназарова #103 #жаңаереже #жаңалықтар

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments