Пятница, 9 октября, 2026
Басты бетӘділет партиясы«Әділет» партиясы Жамбыл аудандық филиалының бастамасымен инклюзивті білім беру саласындағы ерекше білім...

«Әділет» партиясы Жамбыл аудандық филиалының бастамасымен инклюзивті білім беру саласындағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға Алматы қаласындағы заманауи өнер музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды

 

Бұл игі шараның басты мақсаты — балалардың дүниетанымын кеңейту, өнерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзара қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар балаларға жаңа әсер сыйлап, мәдени ортада өздерін еркін сезінуге мүмкіндік беру көзделді.

Әр бала — қайталанбас тұлға, әрқайсысының өзіне тән қабілеті мен мүмкіндігі бар. Олардың бойындағы талантты ашуға, қоғамға бейімделуіне қолдау көрсетуге және өмірдің жарқын сәттерін бірге сезінуге жағдай жасау — баршамызға ортақ міндет.

Инклюзия — бұл тек тең мүмкіндік беру ғана емес. Бұл — әр баланы түсіну, қабылдау, құрметтеу және оның қоғамда өз орнын табуына қолдау көрсету.

Балалардың жүзіндегі шаттық пен шынайы күлкі — осындай игі бастамалардың ең құнды нәтижесі. Өйткені әрбір бала қуанышқа, қамқорлыққа және жарқын болашаққа лайық!

#ӘділетПартиясы #ЖамбылАуданы #Инклюзия #ЕрекшеБалалар #КедергісізОрта ТеңМүмкіндік МейірімМенҚамқорлық

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments