Четверг, 22 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтарℹ️ Қазақстанға визасыз келетін шетелдіктерге электронды рұқсат қажет болады

ℹ️ Қазақстанға визасыз келетін шетелдіктерге электронды рұқсат қажет болады

 

Үкімет визасыз режиммен келетін шетел азаматтарына электронды рұқсат рәсімдеу тәртібін бекітті. Талап ЕАЭО елдерінің азаматтарына, сондай-ақ АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Иран, Түркия және басқа мемлекеттерге қатысты болады.

Рұқсат тегін беріледі. Өтінішті елге келетін күннен кемінде 72 сағат бұрын цифрлық платформа арқылы тапсыру қажет.

Кезеңдер:
🔹 1 қараша 2026 — Ақтау әуежайы мен бірқатар автобекетте түсіндіру жұмыстары
🔹 1 қаңтар 2027 — Астана және Алматы әуежайларында
🔹 1 наурыз 2027 — қалған шекара бекеттерінде
🔹 1 шілде 2027 — рұқсат міндетті болады

Бұл кезеңдерде рұқсаттың болмауы елге кіруге кедергі болмайды.

Рұқсат 180 күнтізбелік күнге беріледі. 29 санат бойынша ерекшелік қарастырылған: 16 жасқа толмағандар, 65 жастан асқандар, визасы немесе тұруға рұқсаты барлар, транзит жолаушылары, босқындар, ресми делегация мүшелері, экипаждар және гуманитарлық миссия қатысушылары.

Қаулы 2026 жылғы 24 қазанда күшіне енеді.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#Қазақстан #визасыз #электрондырұқсат #шекара #ЕАЭО #2027 #жаңалықтар

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments