– Биыл 14 мамырда Астанада өткен Қазақстан мен Түркияның Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысы, сондай-ақ Түркістанда ұйымдастырылған Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті стратегиялық серіктестігіміздің беріктігін айқын көрсетті, – деді Режеп Тайип Ердоған.
🇦🇿Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан халқы бауырлас ел ретінде Қазақстанның елеулі табыстарына риясыз қуанатынын жазды.
– Өзара тұрақты сапарларымыз, кездесулеріміз бен жоғары деңгейдегі белсенді диалог екіжақты қарым-қатынастарды анағұрлым қарқынды дамытып, стратегиялық серіктестікті, сондай-ақ одақтастықты нығайту және оны жаңа мазмұнмен байыту ісінде маңызды рөл атқарады. Сіздің жуырда АӨСШК жетінші саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға сапармен келгеніңізді жоғары бағалаймын, – деді Ильхам Әлиев.
🇫🇷Франция Президенті Эмманюэль Макрон жеделхатта ізгі тілегі мен ықыласын білдірді.
– Қазақстан жұртшылығына француз халқының шынайы достық ниетін жеткізуіңізді өтінемін. Дипломатиялық байланыстардың 35 жылдығы аясында және Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бері елдеріміз екіжақты ынтымақтастықты дәйекті түрде нығайтып, бейбіт, өркендеген және орнықты әлем құру жолында өзара күш-жігер біріктіріп келе жатқанын, көптеген халықаралық мәселе бойынша ұстанымдары ұқсас екенін атап өткім келеді, – делінген жеделхатта.
🇬🇧Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльз Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан азаматтарына жылы лебізін жолдады. Король ІІІ Чарльз екі ел арасындағы берік достыққа жоғары баға беріп, екіжақты байланыстардың беки түскенін және алдағы жылдары өзара тиімді ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейтуге бейіл екенін растаған.
🇰🇷Корея Президенті Ли Чжэ Мёң Қазақстан мемлекеттіліктің бай дәстүріне, қоғамдағы тұрақтылыққа және ұлттық бірлікке арқа сүйей отырып, жасампаздық пен жарқын келешек жолында нық қадам баса беретініне сенім білдірді.
– Биыл қыркүйек айында Сеулге жасаған мемлекеттік сапарыңыздың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея Республикалары арасында болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік қарым-қатынас орнағанын айрықша атап өткім келеді, – делінген жеделхатта.
Сондай-ақ құттықтау лебіздерін Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Аустрия Президенті Александр Ван дер Беллен, Швейцария Президенті Ги Пармелан, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, БАӘ Президенті, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі, шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрдің орынбасары, Президент Әкімшілігінің жетекшісі, шейх Мансұр бен Заид Әл Наһаян, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд, Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд, Бельгиялықтар Королі Филипп, Испания Королі VI Фелипе, Швеция Королі XVI Карл Густав, Монако Князі II Альбер, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Жапония Императоры Нарухито, Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорн, Рим Папасы XIV Лео, Сербия Президентінің міндетін атқарушы Ана Брнабич, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Палестина Президенті Махмұд Аббас, Индонезия Президенті Прабово Субианто, Мьянма Президенті Мин Аун Хлайн, Сингапур Президенті Тарман Шанмугаратнам, Вьетнам Президенті То Лам, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит, Чехия Президенті Петр Павел, Румыния Президенті Никушор Дан, Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар, Литва Президенті Гитанас Науседа, Мальта Президенті Мириам Спитери Дебоно, Болгария Президенті Илияна Йотова, Эфиопия Президенті Тайе Ацке-Селассие, Никарагуа тең президенттері Даниэль Ортега мен Росарио Мурильо, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Еуропалық Кеңес Төрағасы Антониу Кошта, ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Анани, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев және басқа да ресми тұлғалар жолдады.
Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.
t.me/aqorda_resmi



