Четверг, 29 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтар🏫 Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады

🏫 Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады

 

Мемлекет басшысының Жолдауда берілген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында жаңа форматтағы арнайы мектептер салу көзделген. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова баяндады.

Бүгінде Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мыңнан астам бала бар. Елімізде 541 ұйым жұмыс істейді.

20 өңірде 1 000 орындық жаңа форматтағы арнайы мектептер, сондай-ақ облыстарда 600 орындық оңалту және сауықтыру кабинеттері бар ұйымдар салу көзделіп отыр.

2027 жылы колледждер 500-ден астам логопедтер шығаруды жоспарлап отыр.

Білім беру ұйымдарында 7,5 мың педагог-ассистент жұмыс істейді. Биылғы оқу жылында 6 колледжде педагог-ассистенттерді даярлау басталып, 210 студент қабылданды.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#білім #арнайымектептер #инклюзия #Сүлейменова #Қазақстан #жаңалықтар

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments