31 қазан – 1 қараша күндері Алматыдағы «Атакент» КЦДС-нің «Бақшасарай» алаңында қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді.
Іс-шараға 50-ден астам шебер мен Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің (WCC) өкілдері қатысады.
Келушілер киіз, былғары, ағаш, металл және керамикадан жасалған бұйымдарды, ұлттық әшекейлер мен музыкалық аспаптарды тамашалап, шеберлік сабақтарына қатыса алады.
Жәрмеңке дәстүрлі қолөнерді заманауи дизайнмен ұштастырып, ұлттық мәдени мұраны кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.
📅 Күні: 31 қазан – 1 қараша 2026 жыл
📍 Мекенжайы: Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42, 1-корпус, «Атакент» КЦДС, «Бақшасарай» алаңы
🎟 Кіру тегін
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#қолөнер #жәрмеңке #Алматы #Атакент #мәдениет #дəстүр #жаңалықтар


