Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ведомство өңірлердің жаңа медициналық мекемелерге қажеттілігін талдауды бастағанын хабарлады. Халық саны, демографиялық жағдай және жұмыс тиімділігі ескеріледі. 70 нысан салу жоспарланып отыр.
Жоспарда:
🔹 1700 орындық сегіз перинаталдық орталық
🔹 1550 орындық жеті көпбейінді балалар ауруханасы
🔹 Астанада 200 орындық Балалар жедел жәрдем орталығы және 350 орындық Балалар хирургиялық орталығы
🔹 750 орындық Ұлттық балаларды оңалту орталығының бес жаңа типтік өңіраралық филиалы
Сонымен қатар өңірлерде көпбейінді және жұқпалы аурулар ауруханалары, емханалар, қан орталықтары мен жедел жәрдем станциялары салынады.
Бұл 1,8 млн шаршы метр медициналық инфрақұрылымды жаңартып, төсек қорын 9,2 мың орынға арттыруға мүмкіндік береді.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#медицина #денсаулықсақтау #Әлназарова #Қазақстан #құрылыс #жаңалықтар


