Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында 55 мың жасөспірім вакцина алды

Алматы облысында 55 мың жасөспірім вакцина алды

Алматы облысында 12 жастан бастап тұрғындарды коронавирустық инфекциядан вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда аймақта 318 вакцинация пункті және 76 жылжымалы пункт жұмыс істейді.
Бүгінгі күні облыста вакцинаның бірінші дозасын алғандар саны 925 768 адамға жетті, бұл 77% – ды құрайды, екінші компонентті-859 571 азамат немесе иммундауға жататын ересек тұрғындардың 72% — ы алды.
Баршаға мәлім, облыс тұрғындары төрт вирусқа қарсы препараттан вакцинацияны таңдай алады, олар: Гам-КОВИД-ВАК (Спутник V), «QazCovid-in», «SinopharmVeroCell» және жасөспірімдерге, жүкті, бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ 60 жастан асқан адамдарға арналған Comirnaty (Pfizer).
Сонымен қатар, Алматы облысында жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация жұмыстары белсенді жүргізілуде. Облысқа барлығы 380 250 доза Комирнати вакцинасы келіп түсті. Бүгінгі таңда вакцинацияланған халық саны 68 504 адамды құрайды, оның ішінде 55 229 жасөспірім, 3113 жүкті әйел және лактация кезеңінде 10 162 әйел.
Сондай-ақ, облыс тұрғындары ревакцинация курсына белсенді қатысуда. Мәселен, 124 101 адам толық иммундау курсынан өтті.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments