Пандемия басталғалы бері осы уақытқа дейін Алматы облысында КВИ зертханалық расталған 67 884 жағдай тіркелген, оның ішінде 51 589 жағдай симптом белгілерімен.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 3114,1 құрады.
Соңғы екі аптаны салыстырғанда облыс бойынша КВИ өсу қарқыны 0,6% — дан 0,4% — ға дейін төмендеді. Індет өсімінің ең жоғары қарқыны Балқаш-0,5% (40 жағдай), Қаратал-0,6% (131 жағдай), Көксу-0,6% (76 жағдай), Сарқан-0,6% (52 жағдай), Талғар-0,5% (273 жағдай) аудандарында және Талдықорған қаласында-0,5% (548 жағдай) байқалады.
Соңғы тәулікте КВИ-дың 202 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 47, оқушылар арасында 34 жағдай және студенттер арасында 4 жағдай анықталды.
Айта кетейік, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы облысы «сары» аймақта.