Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарМаңызды мəселелер талқыланды

Маңызды мəселелер талқыланды

Бүгін аудан əкімі Нұрлан Ертас тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Тұрғындар көтерген мəселелерге нақты жауап беру үшін аудан əкімінің орынбасарлары Ақниет Туматаев, Абзал Нұрпейісов, аппарат басшысы Бексұлтан Ақылбек, бөлім, мекеме басшылары мен округ əкімдері шақырылды.

Жиын барысында Ұзынағаш ауылының мал базар төңірегінде жаңадан салынған үйлерге газ, су, электр жүйесін жүргізу мəселесі көтерілді.

 Өтініш иелеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін коммуналдық қызметтерге не кедергі екені түсіндірілді. Нақтырақ айтқанда, Заңға сəйкес ол жерде салынған үйлерге мемлекеттік қабылдау актісі берілген соң ғана коммуналдық қызметтер жүргізілетіні айтылды. Себебі, жерді жеке тұлғадан сатып алғандар осы мəселені түсінбей жатады.

 Бұдан өзге жер телімі мен баспана мəселесі бойынша, жəне əлеуметтік көмек сұрап келушілерге де нақты жауаптар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Нұрлан Ертасұлы аппарат басшысына Бексұлтан Ақылбекұлына барлық округтердің бос жұмыс орындарын жəне жер телімдерін қайтадан саралап, оның санын шығаруды, жұмыссыз жүрген тұрғындарға ұсынуды тапсырды.

 Өкінішке қарай, əкімдікке көмек сұрап келгендер көбінесе ұсынылған жұмыстан бас тартуда.

Аудан əкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments