Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарМӘМС жүйесінде "Сақтандырылған" мәртебесін алу қажеттілігі туралы хабардар етті

МӘМС жүйесінде «Сақтандырылған» мәртебесін алу қажеттілігі туралы хабардар етті

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалының өкілдері жұмыс сапарымен Алакөл ауданының орталық ауруханасына барды. Аудан әкімдігі деңгейінде ауданның қоғамдық кеңесінің өкілдерімен, жеке кәсіпкерлермен, білім беру, халықты үйлестіру және әлеуметтік қорғау бөлімінің, жұмыспен қамту орталығының, мемлекеттік кірістер бөлімінің басшыларымен, шекара заставасы басқармасының бастығымен кездесулер өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – ауданның әрбір тұрғынын МӘМС жүйесінде «Сақтандырылған» мәртебесін алу қажеттілігі туралы хабардар ету. Алакөл ауданы бойынша сақтандырылмаған халық саны 11 949 адамды құрайды. Азаматтардың бұл санатына МӘМС пакеті, яғни бейінді дәрігерлердің консультациялары, талдаулар мен диагностикалық тексерулер, жоспарлы емдеуге жатқызу, медициналық оңалту, жоғары технологиялық медициналық көмекті қолдана отырып ем жүргізу қол жетімсіз.

Сондай-ақ, кездесу барысында халықты жұмысқа орналастыру бойынша түрлі әлеуметтік бағдарламалар арқылы мәртебе алуға жәрдемдесу мәселелері қаралып, талқыланды. Дербес төлеушілерге МӘМС үшін алдын ала 12 айға, әр ай үшін 3000 теңгеден төлеудің жаңа мүмкіндігі туралы ақпарат берілді. Соның арқасында сақтандыру мәртебесі 3 жұмыс күні ішінде беріледі және бір жылға сақталады.

Жұмыссыз тұрғындарға тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелу қажеттілігі туралы еске саламыз, себебі сол арқылы жеңілдік санатына өтіп  сақтандырудың мәртебесіне қол жеткізуге болады. Сақтандыру мәртебесі мен медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 8 72 82 55 90 06, 55 90 07 нөмірге қоңырау шалуыңызды сұраймыз.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments