Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бет101 хабарлайдыӨрт шыққанда не істеу керек?

Өрт шыққанда не істеу керек?

Өрттің ауқымы кішкентай болса, крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге тырысыңыз. Ал егер өрт ауқымды болса, 101 нөміріне хабарласып, өрт шыққан мекенжайды, ненің қалай жанып жатқанын, өзіңіздің атыңыз бен нөміріңізді де бергеніңіз жөн, өйткені ол өрт сөндірушілердің оқиға орнына жедел жетуіне септігін тигізеді. Өрт сөндірушілер келгенде дейін ғимараттағы барлық тоқ көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз. Далаға шығу жолдарында от болмаса, тез арада ғимаратты тастап шығуға тырысыңыз. Киімдерді сулап, басыңызға  орамал сынды қалың дымқыл жамылғы жабыңыз. Дәл осылай мұрныңыз бен ауызыңызды да жабу керек. Ол түтіннен уланып қалудың алдын алады. Есіктерді қатты жабыңыз. Себебі отқа оттегі келіп, жел соққан сайын от өрши түседі. Түтіннің арасынан еңкейіп, тізерлеп немесе бүк түсіп өту керек. Сақтық шараларын бұлжытпай орындау қажет!

Жамбыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments