Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарNIS түлегі болу– үлкен жауапкершілік

NIS түлегі болу– үлкен жауапкершілік

Mассачусетс университетіне қалай түсуге болады, Гарвардқа түсуге қойылатын талаптар, робототехника саласы мамандық таңдаудағы әсері, американдық мұнай компаниясында жұмыс тәжірибесі – бұл туралы Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері Самғау форумында сөз қозғады.

Альма-матер қабырғасында алғаш рет түлектердің форумы өтті, оның негізгі мақсаты Назарбаев Зияткерлік мектеп түлектерінің оқушыларға кәсіптік бағдар беруін қолдау болып табылады.

Түлектер мен оқушылар арасындағы бірегей диалог алаңы NIS Түлектер қауымдастығының бастамасымен 300-ден астам қатысушыларды жинады.

Еркебұлан Миллат зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы форум спикерлерінің бірі, 2021 жылғы түлегі Әнуар Рысбек сияқты болашақта ұшқыш болуды армандайды.

Бүгін Әнуар Венгрияның Дебрецен университетінің авиация факультетінің 1 курс студенті. Ол өз сөзінде NIS қалыптастырған мультитаскинг, психоэмоционалды жағдайды бақылау, тайм-менеджмент сынды дағдылар университетте үздік студенттердің бірі болуына көмектескенін баса айтты.

2018 жылдың түлегі Антон Моргуновтың сөзі оқушылар арасында ерекше қызығушылық тудырды. Ол бірден АҚШ-тың бес үздік университетіне шақырту алған. Қазіргі уақытта MIT (Массачусетс технологиялық институты) 4 курс студенті, сонымен қатар халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстандағы мектеп оқушылары үшін тегін онлайн сабақтар өткізетін Beyond Curriculum білім беру онлайн платформасының негізін қалаушы болып табылады.

— Самғау форумының пайдасы зор. Бұл таңдаулы университеттерге түсудің егжей-тегжейлері туралы, сондай-ақ мамандық таңдауда не нәрсеге назар аудару керектігі туралы білу мүмкіндігі. Мысалы, мен үшін химик ретінде химикке математиканың терең құралдары қаншалықты қажет болатыны таң қалдырды, — дейді Антон өз сұхбатында.

Осы арада әйгілі «Лига Плюща» — Гарвард университетінің екінші курс студенті Сезім Ертанатов пайдалы кеңестермен бөлісіп, әрбір оқушының «Гарвардқа қалай түсуге болады?» деген көкейіндегі сауалына жауап берді.

— Оқудағы жетістіктерім, көшбасшылық қасиеттерім, үлкен жұмыс қабілетім жоспарымды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Гарвардқа түсу кездейсоқ мәселе емес, тынымсыз еңбектің нәтижесі. Қол жетпес асу жоқ, арман болса орындалмайтын ешнәрсе жоқ», – деп түйіндеді Сезім сұхбатын.

—  NIS түлегі есімін алып жүру мен үшін үлкен мәртебе. Бүгін мен спикер ретінде сөз сөйлеп, тәжірибеммен бөлісудің бірегей мүмкіндігіне ие болдым. Мен болашақ дипломатпын, ынтымақтастық, азаматтық жауапкершілік, қазақстандық патриотизм сияқты құндылықтар менде де, мамандығымда да орын таба алатыны сөзсіз», — дейді 2021 жылдың түлегі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші курс студенті Ажар Абитаева.

Сондай-ақ, зияткер оқушылар форумның арнайы сессиясында түлектерді өздерінің ғылыми, әлеуметтік, шығармашылық және IT жобаларымен таныстырды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments