Вторник, 26 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында жер сілкінісі болуы мүмкін 3 эпицентр бар

Алматы облысында жер сілкінісі болуы мүмкін 3 эпицентр бар

Бұл жайлы бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты басқарманың аға инженері Ерназар Қырғыз айтты. Аға инженерден бөлек, брифингте биыл облыс аумағында Азаматтық қорғаныс күнінің атап өтілуі жайлы облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Дидар Асқарбекұлы сөз етті.
Сейсмикалық қауіпті аумақ туралы айтқан Ерназар Қырғыздың сөзіне сүйенсек, Алматы облысы таулы аймақта орналасқандықтан еліміздегі сейсмикалық қауіпті аумақтардың қатарына кіреді.
«Бұл өңірде жер сілкінісі болуы мүмкін 3 эпицентр бар. Олар: Кеген ауданының Күрметі ауылынан батысқа қарай 10 км, Райымбек ауданының Сарыжаз ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км. Мұнда қуаттылығы 9 балға дейін күшті жер сілкіністері болуы мүмкін», — деді аға инженер.
Сондай-ақ маман Балқаш ауданында 7 балдық, Жамбыл ауданы мен Қонаев қаласында 8 балдық жер сілкінісі болуы ықтимал екенін айтты.
«Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ЖШС деректеріне сүйенсек, облыс аумағында жыл сайын 400-ге дейін жер дүмпуі тіркеледі. Айта кетерлігі, облыста сейсмологиялық бақылау жүргізу үшін 26 станса жұмыс істеп тұр. 2019 жылдың сәуір айынан бастап департамент жұртшылыққа төтенше жағдай туралы жедел ақпарат тарату үшін «DARMEN» мобильді қосымшасын қолданысқа енгізді. Облыста 201 құлақтандыру (сирена) құрылғысы орнатылған», — деді Ерназар Қырғыз.
Бұдан бөлек, ТЖД маманы жақында Алматы облысы аумағының сейсмикалық қауіптілігін бағалау және егжей-тегжейлі сейсмикалық аудандастыру карталарының жиынтығы жасалатынын айтты. Бұл құжат өңірде құрылыс жүргізудің жаңа нормативін қалыптастыру мақсатында қолданылады.
Ал Дидар Асқарбекұлының мәліметінше, биыл 1 наурыз — Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні «Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі» тақырыбында өтеді.
«Атаулы күнге орай өңірде конференция, семинар, конкурстар, ашық сабақтар, кездесулер, азаматтық қорғау құрылымдарымен арнайы оқу-жаттығулар өткізу жоспарланып отыр. Азаматтық қорғаныс күні — әр мемлекетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға, төтенше жағдайлар қызметтерінің болу мүмкін оқыс жағдайларға арналған іс-шараларын үйлестіруге бағытталған халықаралық маңызды акция», — деді Дидар Асқарбекұлы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments