Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, подполковник Б.М. Бугабаев және Департаменттің Медеу ауданы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты М. Т. Есен Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының базасында медицина қызметкерлері арасында төтенше жағдайлар туындаған кезде қорғау және іс-қимыл бойынша оқыту жүргізді.
Оқытудың мақсаты-табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық объектілерін қалай қорғау керектігін білу. Жалпы, халықты, шаруашылық объектілерінің қоршаған ортасын төтенше жағдайлардан және олар туындаған салдарлардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым бағыттарының бірі болып табылады.
«Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының комплаенс офицері Слам Мақсаттың бастамасымен дәрігерлер, медбикелер мен санитарлар Төтенше жағдайлар кезінде қандай шара қолдану бойынша толық нұсқаулықтан өтті», — деді аурухана директоры Эльмира Берикова