Воскресенье, 24 ноября, 2024

Хабарландыру!

Құрметті, Жамбыл  ауданының тұрғындары!!!

2023 жылғы 24 сәуір  мен 24 мамыр  аралығында жыл сайынғы «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталады. Сұрақтар туындаған жағдайда «Жамбыл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінен білуге болады.

Байланыс тел. 87277022431,87277021355.

Уважаемые жители Жамбылского района!!!

С 24 апреля по 24 мая  2023 года принимаются заявки на участие в ежегодном национальном конкурсе «Мерейлі отбасы-2023». По всем вопросам обращаться  в ГУ «Отдел внутренней политики, культуры, развития языков и спорта Жамбылского  района». Котактные номара тел. 87277022431,87277021355.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы «6» мамырдағы

№ 306 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 5 наурыздағы

№ 181 қаулысымен

бекітілген

 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурс осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімдерде жарияланады және «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы№ 689 қаулысына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;

2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;

4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

  1. Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.
  2. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.
  3. Мыналар:

1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;

2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

 

2-тарау. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

5. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар конкурсты ұйымдастырушылар болып табылады.

6. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар және қоғам қайраткерлері арасынан конкурсты дайындау және өткізу жұмыстарын үйлестіру жөніндегі ұйымдастыру комитетін (бұдан әрі – ұйымдастыру комитеті) құрады.

Ұйымдастыру комитетінің міндеттеріне мыналар жатады:

1) конкурстың басталуы туралы көпшілікке жариялау;

2) конкурстың имидждік жарнамалық науқанын бекіту;

3) конкурстың барлық кезеңдеріне дайындықты және өткізуді үйлестіру;

4) конкурсты өткізудің барлық кезеңдерін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

5) өңірлердегі конкурстың іріктеу айналымдарын өткізу қорытындылары туралы жергілікті атқарушы органдардың есептерін тыңдау;

6) конкурс лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімін ұйымдастыру және өткізу.

  1. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жыл сайын 15 мамырдан кешіктірілмей жарияланады.
  2. Конкурс екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана).
  3. Жергілікті атқарушы органдар облыстарда, қалаларда, аудандарда мүдделі мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен өткен жылдардағы конкурс лауреаттары арасынан конкурстың жеңімпаздарын анықтау бойынша комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады, сондай-ақ ол туралы ережені, іріктеу өлшемшарттарын және конкурсты өткізу форматын бекітеді.
  4. Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жарияланған күннен бастап бір ай ішінде, қағаз немесеэлектрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);

7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;

9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін отбасылар ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, аудандық (қалалық) комиссия өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді.

  1. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған отбасылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
  2. Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
  3. Ұйымдастырушылар:

1) барлық отбасыларға тең жағдайды және оларды іріктеудің ашықтығын;

2) жеке құпия болып табылатын ақпараттың жасырын болуын;

3) конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің олар ресми жарияланатын күннен бұрын таралып кетпеуін қамтамасыз етеді.

  1. Аудандық (қалалық) комиссия конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған кезден бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде алынған ақпаратты жан-жақты тексеруді жүзеге асырады, іріктеу жүргізеді және екі отбасыны айқындайды, одан кейін екі жұмыс күні ішінде аудандар (қалалар) әкімдерімен келісілген өз шешімдерін конкурстық құжаттармен бірге облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) комиссияларға жібереді.
  2. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялар аудандық (қалалық) комиссиялардан құжаттарды алған кезден бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қажет болған жағдайда ұсынылған құжаттарға қосымша тексеруді жүзеге асырады, іріктеу жүргізеді және жеңімпаз бір отбасын айқындайды, одан кейін екі жұмыс күні ішінде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкімдерімен келісілген өз шешімдерін конкурстық құжаттармен бірге ұйымдастыру комитетіне жібереді.
  3. Комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алады:

1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы визит карточкасы — таныстыру рәсімі);

2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;

3) отбасының рухани-адамгершілік кұндылықтары;

4) балаларының және немерелерінің жетістіктері (бар болса);

5) ата-аналарының үлгі тұтарлық жетістіктері;

6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);

7) отбасының дарындары;

8) отбасының тұрмыс салты (саламатты өмір салты, бос уақыты);

9) қоғамдық-пайдалы қызметке (волонтерлікке, қайырымдылыққа, меценаттыққа) қатысуы;

10) жетім балаларға қамқоршылық, тәлімгерлік.

  1. Комиссияның әрбір мүшесі отбасыларды балдық жүйе бойынша бағалайды (1-ден 10-ға дейін).

Өлшемшарттардың бірі бойынша ақпарат болмаған жағдайда, аталған өлшемшарт бағаланбайды.

Балдардың жалпы саны тең болған жағдайда, түпкілікті шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

  1. Мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда, комиссия мүшесі бұл туралы комиссияны хабардар етеді және дауыс беруді өткізуге жіберілмейді.
  2. Комиссиялардың отырыстары жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн-трансляция режимінде өткізіледі.
  3. Ұйымдастыру комитеті облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) комиссиялардан құжаттарды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар циклін дайындау үшін материалдарды мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындайтын заңды тұлғаға жібереді.
  4. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.
  5. Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімін жыл сайын ұйымдастыру комитеті Отбасы күні қарсаңында салтанатты түрде диплом және ерекшелік белгісін (мүсінше) тапсыра отырып өткізеді.
  6. Конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
  7. Конкурс лауреаты атағы қайталап берілмейді.

______________________

 

«Мерейлі отбасы»

ұлттық конкурсын

өткізу қағидаларына

қосымша

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған

өтінім

  1. Отбасы құрамы:

 

Р\с №

 

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Туыстықдәрежесі Туғанкүні (күні, айы, жылы) Жұмыс, оқуорны, қызметтүрі, лауазымы Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны
           
           
           
           
  1. Отбасылықөміртәжірибесі_____________________________________
  2. Отбасытарихынсипаттау (отбасылықдәстүрлер, құндылықтар, отбасындағыбалалардытәрбиелеуерекшеліктері) ______________________
  3. Отбасы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, еңбектегі, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми, қоғамдық пайдалы (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қызметтегі отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері: ____________________________________________________________
  4. Наградалардың, сыйақылардың болуы (грамоталардың, алғыс хаттардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері қоса беріледі) _____________________________________________________________
  5. Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (бар болса) ____________________________________________________________________
  6. Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан аспайды)
  7. Отбасыны таныстыратын (ұзақтығы 2 минуттан аспайды) бейнеролик
  8. Өзге де құжаттар ___________________________________________

 

Қолы __________

 

Күні __________

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments