Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетUncategorizedЕл мерейін асқақтатты

Ел мерейін асқақтатты

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында  әлем біріншілігі өтті.

Нәтижесінде жастар арасында әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта финалда қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен чемпиондық атақ үшін рингке шықты.

Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі қазақстандық боксшыны басым деп тапты. Екінші кезең – 3:2. Жекпе-жек қорытындысында Нұрбек Оралбай жеңіске жетті.

Ал,Жамбыл облысының өкілі, Азия жеңімпазы А.Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта екі мәрте құрлық чемпионы, өзбекстандық Саиджамшид Джафаровпен жұдырықтасты.

Асланбек бірден жекпе-жек тізгінін қолына алды. Өзбекстандық боксшының мұрны да қанады. Бірінші раунд есебі – 5:0. Екінші кезеңде таразы басы С.Джафаровқа ауды – 3:2. Қорытынды есеп – 5:0.

Махмұд Сабырхан бұдан екі жыл бұрын Белградта өткен әлем чемпионатында күміс жүлде алып, қазақтың Ломаченкосы атанып кеткен түркістандық Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық, Джизак облысының өкілі Ойбек Джураевпен қолғап түйістірді.

Бірінші раунда Махмұд соққыларын дәл жұмсап, төрешілердің бәрін өзіне бұрды – 5:0. Екінші кезеңде бес қазының төртеуі басымдықты қазақ боксшысына берді. Үшінші раундта М.Сабырхан қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Сөйтіп оны бет қаратпай, айқын басымдылықпен ұтты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем біріншілігін 4 алтын, 1 күміспен аяқтады. Бұл – рекордтық нәтиже. Ел мерейін асқақтатқан жеңімпаздарды жеңісімен құттықтап, бағындырар белестеріңіз көп болсын демекпіз!

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments