Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарБиыл Алматы облысында 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған

Биыл Алматы облысында 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған

Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ләззат Бейсекулова айтты.

Ләззат Бейсекулованың мәліметінше, департаментке жыл басынан бері 86 шағым түскен. Оның ішінде 60-ы қаралған, ал 26-сы тиісті мемлекеттік органдарға жіберілген.

«Әдетте департамент құзіретіне жатпайтын шағымдар жолданады. Бірақ тұрғындар біздің орган араласса, мәселеміз тез шешіледі деген пікірде», — деді департамент басшысы.

Шағымдардың ең үлкен үлесі әлеуметтік қамтамасыз ету саласына тиесілі, ал екінші орында жер қатынастары мәселелері тұр.

Қаралған арыздардың негізінде облыстағы 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның 6-ы ескерту, 2-і сөгіс, 1-іқатаң сөгіс алған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments