Воскресенье, 22 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚауіп өте жоғары - Смайылов Абай облысындағы өрт туралы

Қауіп өте жоғары — Смайылов Абай облысындағы өрт туралы

Премьер-министр Әлихан Смайылов Абай облысындағы орман өртінің қаупі туралы айтты.

25 мамырдағы жағдай бойынша облыстағы жағдай ерекше бақылауда, өрт әзірге оқшауланған жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары желдің салдарынан қиындап тұр.

«Көріп отырғанымыздай, қауіп өте жоғары. Ең бастысы, елді мекендерге қатер төніп тұрған жоқ. Өрт толық бақылауға алынды. Енді оны оқшаулап, толығымен сөндіру керек. Бұл — әкімдік пен Төтенше жағдайлар және Экология министрліктерінің ортақ міндеті», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, Смайылов Абай облысына өрт сөндіру күштері мен техникаларын жіберіп, көмек көрсеткен өңірлерге Үкіметтің атынан алғысын білдірді.

«Экология министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, өрт ошақтарын толығымен жойып, келтірілген залалды бағалау үшін «Семей орманы» резерватының аумағына тексеру жұмыстарын жүргізуі қажет», — деді Үкімет басшысы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments