Понедельник, 25 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарӘлеуметтік нысандардың құрылысына баса назар аударылуда

Әлеуметтік нысандардың құрылысына баса назар аударылуда

Марат Сұлтанғазиев Қарасай өңіріне жұмыс сапары барысында мектеп құрылысына қатысты жобаларға ерекше назар аударды. Екі спорт нысанына барып – Іргелі ауылдық округі аумағындағы республикалық олимпиадалық дайындық базасында, сондай-ақ Шамалған ауылындағы Үшқоңыр спорт мектебіне барды. Олимпиадалық дайындық базасының құрылысымен танысқан Марат Елеусізұлы Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естеновпен және бірқатар қызмет басшыларымен бірге газ, су және кәріз желілерін жүргізу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, бұл базадан шыққан жол Үлкен Алматы автомобильді айналма жолына (БАКАД-қа) да қосылу қажеттігі айтылды. Қазіргі уақытта мұндай нұсқа, ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын ҮАААЖ (БАКАД)-қа баламалы жол, сондай-ақ ұзындығы 1,8 шақырымдық мектепке баратын жол да ойластырылған. Ал, Шамалған ауылына келсек, спортшылар да, тұрғындар да өтініш білдірген «Үшқоңыр» спорт кешенінің базасында 600 орындық спорт мектеп-интернатының құрылысына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға сүбелі үлес болатын бұл жобаны жүзеге асырудың мүмкіндіктері зерттелуде. Облыс басшысы екі тұрғын үй кешенінің аумағында да болды.
Мәселен, Іргелі ауылдық округіне қарасты «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде 2000 орындық орта мектеп салынуда. Оның тұтынушысы «Адвенто» ЖШС болды. Жобаның сметалық құны – 5 миллиард 300 миллион теңге. Құрылыс 2021 жылдың 1 сәуірінде басталды. Алып жатқан аумақ 6,5 гектарды құрайды. Мұнда балабақша мен педагогтарға үй салу да қажет болғандықтан, облыс әкімі жоғарыда аты аталған серіктестік басшылығына стадионды қайта құруды ойластыруды тапсырды. Бұл ретте әлеуметтік маңызы зор бұл жобаны жүзеге асыруға көмектесуге уәде берілді. Сонымен қатар, облыс әкімі Әйтей ауылдық округіндегі «Өмірұзақ» тұрғын үй кешенінің аумағында объективті сынға ұшыраған мердігер ұйым «Ақ Ордасы Корпорациясы» ЖШС-мен кездесті. Бұл кәсіпорын ауданда үш нысан тұрғызады. Жоғарыда аталған тұрғын үй кешеніндегі 900 орындық мектеп құрылысының да жағдайы сынға алынған. Сондай-ақ, Марат Елеусізұлы «Бұл кәсіпорын адал мердігерлердің тізімінде қалғысы келсе, нысандарды мерзімінде тапсыру үшін барынша күш салуы қажет» — деп ескерту жасады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments