Қаскелең қаласында, Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасының (КМЦРБ) базасында міндетті түрде әлеуметтік медициналық сақтандыру(МӘМС) шеңберінде алғаш рет артроскопиялық менискэктомия операциясы жүргізілді.
Мұндай қиын жағдайға тап болған науқас 53 жастағы әйел адам. Алты ай бұрын құлап, жарақат алған. Тізе буынының ауырсынуы мазалап, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Клиникада тізе буынының рентгенографиясы жасалды. Сыну белгілері байқалмай, мамандар дифференциалды диагностика мақсатында тізе буынының магнитті-резонанстық томографиясын (МРТ) тағайындады. Бұл жұмсақ және сүйек тіндерінің, байламдардың, сіңірлердің, бұлшықеттердің күйін жоғары дәлдікпен бағалауға және олардың құрылымындағы өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
Диагноз қойылғаннан кейін науқасқа эндоскопиялық кешенді қолдану арқылы хирургиялық аз инвазивті ота ұсынылды.
Операцияны травматолог-ортопед дәрігер, Қарасай КМЦРБ ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Жамбыл Қыдыралиев және «№ 7 Қалалық клиникалық ауруханасынан» Байқубесов Қуаныш жүргізді. Ота сәтті өтіп нәтижесінде науқас өте қысқа мерзімде толыққанды өмірге оралды.
«Бұған дейін аталған операция қалалық медициналық мекемелерде жүргізілген болатын, енді артроскопиялық менискэктомия біздің өңірдің азаматтарына қолжетімді» — деді, Қарасай ҚМЦРБ ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Жамбыл Қыдыралиев.