Алаш жұртының жүрегі, ару астанамызға — 25 жыл! Өткен 25 жыл ішінде еліміздің бас қаласы — Астана төрткүл дүниені түгел тамсандырған тарихи құбылысқа айналды. Арқа төсіндегі сәні мен салтанаты жарасқан елорда бүгінде озық идеяларды, жаңа ғылыми шешімдер мен сәулет өнерінің теңдессіз үлгілерін өмірге әкелетін Жерұйық іспеттес.
Небәрі 25 жыл ішінде адам айтса сенбестей өзгерген Астана өзге елдермен терезесі тең, келешегі кемел, болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды. Заман ағымына сай жаңаша бағытта көркейіп, гүлденуде. Соңғы жылдары біршама басқосулар дәлосы қалада өткізіліп келеді. Ұлы тарихтың ауыр жүгін артқан Елордамыздың әлемдік аренада алар орны ерекше, мерейі үстем, абыройы асқақ.
Сөз соңында айтарым елдігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Ел жетістігінің жемісі болған, Астана, асқақтай бер, жайнай бер!
Кеңес Одағының батыры,
даңқты қолбасшы Б. Момышұлы
атындағы 28237 әскери бөлімінің
командирі, подполковник
Кенбейлов Бағлан Талғатұлы.