Көрмеге аграрлық сала бойынша ет, құс, сүт және балық өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының, сондай-ақ шырын, сусын өндірушілердің, көкөніс және жеміс өңдеушілердің тауарлары қойылды.
Мемлекет басшысы шаруалармен әңгімелесу барысында өңірдің климаттық жағдайы мен мегаполиске жақын орналасуы бұл салаға инвесторлар тартуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті.
Президенттің айтуынша, өңірде ерекше бағыт – түйе шаруашылығы қарқынды дамып келеді және аталған сала экспорт үшін зор әлеуетке ие.
– Ауыл шаруашылығы өндірісіне жаңа технологияларды енгізу, экологиялық таза өнім шығару маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.