Заман талабына сай жаңа кезеңдегі білім берудің басты талабы жас ұрпаққа адамгершілік тұрғыдан тəлімді тəрбие беру болмақ. Халқымызда «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал, үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деген қанатты сөз бар. Бала тəрбиесі де ағаш көшетіне ұқсас. Оны жас кезінде қалай баптасаң, ержетіп, бойжеткенде солай қалыптасады.
Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қарапайымдылық, яғни, адамгершіліктің құнды қасиеттерін сіңіріп, өзіне-өзі сенімді етіп тəрбиелеуде отбасындағы ата-ана мен ұстаздар қауымы шешуші рөл атқарады. Оқу мен тəрбие – егіз ұғым. Оны бірбірінен бөліп қарауға болмайды.
Бұл орайда ұлы ойшыл ғұлама əл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тəрбие берілуі керек. Тəрбиесіз берілген білім адамзаттың қас Рухани жаңғыру: Бəсекеге қабілетті білімді ұрпақ тəрбиелеу жауы» деген болатын. Ал, тəртіптің ең тамаша мектебі – ол отбасы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді ғой дана халқымыз. Соған сай бала жасында қандай тəрбие алса, есейгенде соның не тəтті, не ащы жемісін татады.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп жазушы Мұхтар Əуезов айтқандай, əрбір оқушының тəрбиелі де тəртіпті болып, дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға, əсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының қажырлы еңбегіне байланысты. Тəрбие мəселесін тек мектеп пен ұстаздардың міндеті деп санау да дұрыс емес. Оның дұрыс болуы үшін ата-аналар мен қоғамдық ортаның тəрбие ісінен шет қалмай баланы баулуда жауапкершілікті бірлесе атқаруға ықыласты болғаны жөн.
№ 1 Қайназар орта мектебінің ұстаздар қауымы əрқашан тəрбие мен білім беру үрдерісінде ұлттық бірегейлікті, ұлттық кодты сақтауды естен шығарған емес. Жуырда осы жолдардың авторы жəне 9 сынып жетекшілері А.Болатбек, Ж.Жуасхан, Г.Мейірханның ұйымдастыруымен 9 сынып оқушылары арасында «Отан – отбасынан басталады» атты тақырыпта «Zoom» платформасы арқылы дөңгелек үстел өтті. Осы орайда аталмыш шараның оқушылар мен ата-аналар қауымы үшін маңызы зор болғанын атап өткен орынды.
Иə, ұрпақ тəрбиесі немқұрайды қарайтын іс емес. Ол ел болашағының ертеңгі тағдыры. Демек, тəрбиеге жауапкершілікпен қарау атаанадан бастап, əрбір ақыл ойы озық саналы азаматтың борышы. Олай болса, ұрпақ тəрбиесіне енжар қарауға болмайды.
Г.БАЙДƏУЛЕТОВА, № 1 Қайназар орта мектебі директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары.