Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтар_Мәжіліс бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң жобасын қабылдады

_Мәжіліс бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң жобасын қабылдады

Жаңа құжат Сенаттың қарауына жіберілді.

Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда «масс-медиа туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заң жобаларын қабылдады.

«Заң жобасында жекелеген журналистерге жеңілдетілген аккредиттеу құқығын беретін баспасөз картасын енгізу бойынша норма ұсынылды. Шынымды айтсам, бұл норма жұмыс тобында, жалпы қоғамда үлкен дау тудырды. Жұмыс тобы мүшелерінің басым көпшілігі бұл норманы демократиялық принциптерге қайшы келетін, журналистердің беделін түсіретін, ақпараттың жан-жақты таралуына жол бермейтін норма ретінде қарастырды. Сондықтан осы норма бойынша нақты шешім қабылданды: баспасөз картасы туралы норма алынып тасталды», — деді Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Мәжілістегі жалпы отырысында.

Желілік басылымдар мен ақпараттық агенттіктерді «интернет-басылым» бірыңғай тұжырымдамасына біріктіру ұсынылады. Интернет-басылымдар барлық дәстүрлі БАҚ сияқты міндетті түрде есепке қойылады.

Сонымен қатар, журналистер үшін ескіру мерзімі бір жылға дейін, ал БАҚ сұрауына жауап беру мерзімі 5 күнге дейін қысқарады.

Жаңа құжатты дайындау барысында кейбір депутаттар бұқаралық ақпарат құралдарына «дәстүрлі емес жыныстық бағдар» туралы жазуға тыйым салуды ұсынды, тіпті ҚР ҚК 174 – бабын толықтыра отырып, Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттау үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді талап етті — «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру». Баптың санкцияларында 7000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments