Среда, 1 мая, 2024
Басты бетЖаңалықтарМемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті

Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті

2024 жылдың бірінші тоқсанында Мемлекеттік корпорация өз күшімен мемлекеттік қызмет көрсету барысында тіркелген 1319 бұзушылықты анықтады. Салыстырмалы түрде, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 249 бұзушылықты құраған.

— Мемлекеттік корпорация анықталған фактілерді құқық қорғау органдарына беріп, нәтижесінде 12 қылмыстық іс қозғалды.

— «Азаматтарға арналған үкіметтің» 90 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 2 қызметкердің лауазымы төмендетілді, 9 қызметкермен еңбек шарты бұзылды.

— Бұзушылықтар ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар қызметінде, жылжымайтын мүлікті тіркеуде, жер кадастрында және т. б. бойынша анықталды.

— Бұл фактілер бойынша Алматы қаласы, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде.

Осы орайда, Мемлекеттік корпорация сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын ұстанатынын атап өтуіміз керек. Қауіпсіздік қызметінің мамандарымен бұзушылықтарды ашу бойынша үлкен жұмыс жүргізіледі. «Азаматтарға арналған үкімет» құқық қорғау органдарымен өзара тығыз байланыста және анықталған құқыққа қарсы іс-қимылдар туралы барлық фактілер дереу қарастыруға жіберіледі.

Қазіргі уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» пен ҚР ҚМА арасында бірлескен Меморандум әзірленуде. Ол көлік құралдарын мамандандырылған ХҚКО-ларда заңсыз тіркеуге қарсы күрес жүргізу барысында тараптардың ынтымақтастығын нығайтуға және күш-жігерін үйлестіруге бағытталған.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 16 қазанынан бастап сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөліктерін азайту үшін Мемлекеттік корпорация жүргізуші куәлігін алу үшін тапсырылатын емтихандардың өткізу тәртібін қатаңдатуға мүмкіндік беретін 3.0 ЖЖЕ жүйесін енгізгенін еске саламыз.

Госкорпорация повысила раскрываемость нарушений более чем в пять раз

За первый квартал 2024 года Госкорпорацией самостоятельно выявлено 1319 нарушений при оказании госуслуг. Сравнительно, за аналогичный период прошлого года их было 249.

— Установленные факты были переданы в правоохранительные органы, по которым возбуждены 12 уголовных дел.

— 90 работников «Правительства для граждан» привлечены к дисциплинарной ответственности, 2-ое сотрудников понижены в должностях, с 9-ю — расторгнуты трудовые договора.

— Нарушения наблюдались по линии ЦОН, спецЦОН, регистрации недвижимости, земельного кадастра и др.

— По данным фактам проводятся досудебные расследования в Алматы, Алматинской, Костанайской, Восточно-Казахстанской областях.

Отметим, Госкорпорация придерживается политики нулевой терпимости к коррупции. Сотрудниками Службы безопасности проводится большая работа по раскрытию нарушений. «Правительством для граждан» тесно взаимодействуют с правоохранительными органами и все выявленные факты противоправных действий незамедлитепльно передаются на рассмотрение.

К слову, сейчас разрабатывается совместный Меморандум между «Правительством для граждан» и АФМ РК. Он направлен на укрепление сотрудничества и координацию усилий сторон в борьбе с незаконной регистрацией транспортных средств в спецЦОНах. Также, напомним, что с 16 октября 2023 года для снижения коррупционных составляющих Госкорпорацией была внедрена система ПДД 3.0, позволяющая ужесточить порядок проведения экзаменов на получение водительских прав.

 

 

 

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments