Вторник, 5 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтар«AMANAT» партиясының белсенділері ғимаратқа ең үлкен Мемлекеттік Ту ілді

«AMANAT» партиясының белсенділері ғимаратқа ең үлкен Мемлекеттік Ту ілді

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының ғимаратында көлемі 24-те 12 метрді құрайтын Мемлекеттік Ту ілінді. Дәл осындай көлемді Ту ғимараттың қасбетіне алғаш рет ілінуде. Партиялықтардың айтуынша, аспан түстес Көк байрақ адамдардың бойында патриотизм мен өз еліне деген мақтаныш сынды ең ізгі сезімдерді оятады.

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты осымен 3 жыл қатарынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын насихаттауға бағытталған «Менің Елім – менің Туым» акциясын өткізіп келеді. Биыл акция аясында ел аумағында 10 мыңнан астам Мемлекеттік Ту ілінеді. Оған депутаттар, қоғам қайраткерлері, белсенді жастар және барша ниет білдіруші адамдар қатысады.

«Жастар Рухының» төрағасы Ақерке Искандерова бұл акция 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған мемлекеттік егемендік туралы Декларация Тәуелсіздігіміздің бастауы болғанын еске салуға арналғанын атап өтті.

#атамекенгазеті #жамбылауданы #республикакүні

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments