Воскресенье, 5 января, 2025
Басты бетЖаңалықтар «AMANAT» партиясының Жамбыл аудандық филиалының төрағасы Ы.Е.Амалбек арнайы брифинг өткізіп, атқарылған жұмыстары...

 «AMANAT» партиясының Жамбыл аудандық филиалының төрағасы Ы.Е.Амалбек арнайы брифинг өткізіп, атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.

«AMANAT» партиясының жиынында «Халықпен бірге» атты 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасы Жол картасының Жамбыл ауданында 2024 жылдың 12 айында орындалған іс-шаралар мен көрсеткіштер туралы аудандық партия филиалының төрағасы Ы.Е.Амалбек арнайы брифинг өткізіп, атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.

«AMANAT» партиясының саяси бағытын орындау мақсатында Жамбыл ауданында әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталды.

Барлығы 2024 жылға жол картасы аясында 33 тапсырма берілген. Оның ішінде: 17 орындалды, 13 орындалуда, 3 орындалмаған.

Ағымдағы жылдың 12 айынының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштері жоспар шеңберінде орындалып, былтырғы жылмен салыстырғанда өсім қарқыны сақталды.

Бұл ретте партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы шешуші рөл атқарады.

Жол картасының бірінші бағыты – халықтың табыс көзін арттыру мақсатында 73,8 млн теңге көлемінде мемлекеттік гранттар беру жоспары толық орындалып, 37 азамат грант иеленді, 130 жұмыссыз азаматты қайта даярлау жоспары толығымен орындалып, олар қажетті білім мен дағдыларға ие болды. Ал кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған 130 адамның орнына 210 азамат білім алды, бұл жоспардан аса түсті. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының аясында тыл ардагерлеріне және жалғызбасты қарттарға, жалпы саны 295 адамға 16,0 млн.теңге көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Туризм саласын дамыту бойынша биыл 708 млн. теңгеге екі туризм нысаны пайдалануға берілді. Бұл «Алматы балық — 2050» ЖШС — балық өндіру және өңдеу, туризм және «Елік сай» ЖШС — демалыс және сауықтыру орны. Нәтижесінде 40 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ауылшаруашылық бағытында ауданда шаруақожалықтар үшін «КазАгроФинанс» АҚ арқылы 6 пайыздық үстеме ақымен 11 айда жалпы сомасы 429,0 млн теңгеге 33 бірлік техника сатып алынды. Оның 2-уі жеке қаражат есебінен алынса, қалған 30 бірлігі жеңілдетілген түрлі бағдарламалар арқылы алынған. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңарту көрсеткіші 80 % — дан 50,5 % — ға дейін төмендеді.

Суару желілері мен гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялаусыз және күрделі жөндеусіз ұзақ уақыт пайдалануына байланысты, пайдаланылмайтын суармалы жерлерді тасымалдау кезінде судың жоғалуы артып келеді.

14 су қойманы, 20 магистральдік канал мен 24 ішкі шаруашылық каналын қалпына келтіруге құны 26,6 млрд. теңгені құрайтын жоба әзірленген. Қазіргі уақытта аталған жобаның бастапқы жұмыстарына, 1,4 млрд.теңге бөлінді.

Бұл жоба толығымен іске асқан жағдайда есепке алынған 22,7 мың гектар суармалы егістік алқаптарын толық айналымға енгізуге мүмкіндік болады.

Ортақ жайылым мәселесін шешу сұрағы әр дайым басты назарда.

Аудандағы 1 млн. 931 мың гектар жердің 1 млн. 496 мың гектары ауыл шаруашылығына арналған жер болып табылады, оның ішінде: 91 пайыздан астамы жайылымдық жердің үлесінде.

Биылғы жылы жалпы көлемі 31 мың 822 гектарды құрайтын 52 субъектіге тиесілі пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық жерлері анықталды, 2024 жылға жоспар бойынша 7 мың гектар қайтарылуы қажет болса, бүгінге нақты 10 мың 253 гектар ауданның жер қорына қайтарылды. Жалпы бұл мәселе біздің тұрақты бақылауымызда.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы басталғалы бері 3,2 млрд. теңгеге 310 азамат өтініш берген, оның ішінде 125 жоба іріктеліп, 1,1 млрд. теңгеге несие берілді. Бүгінгі күнге 1,9 млрд. теңгеге 235 өтінім қарастырылуда. Жалпы аудан тұрғындары бұл бағдарламаны жақсы қабылдап өз кәсібін бастап, одан әрі алып кетуге серпіліс бар.

Шағын және орта бизнес — өңірді дамытудың берік негізі.

Бүгінде аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны — 13 мың 566 бірлікті құрады. Бұл салада жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны — 22 мың 284 адамнан артты.

Сондай-ақ, ауылдық округ әкімдерінің алдына шағын бизнесті дамытудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында әрбір елді мекенде кәсіпкерліктің жаңа нысанын ашу міндеті қойылған.

2024 жылдың ІII тоқсанында 467 азамат жұмыспен қамтыған, жалпы құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын 55 нысан іске қосылды. (Бүгінде ауданда 24 –дүкен, 1 – сауда үйі, 4 –монша, 4 – наубайхана, 2 – тігін цехы, 3 – цех, 1 – ТЖО, 2 – дәріхана, 1 – медициналық орталық, 6 – тамақтану орындары және тағы басқада нысандар жұмыс жасайды).

Жол картасының екінші бағыты – білім беру және денсаулық сақтау – болашаққа инвестиция.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында ауданымызда 2 жыл ішінде 7 мектептің құрылысы жоспарланған, бүгінде 14,9 млрд. теңгеге 3 мектептің құрылысы жүргізілуде, 2 мектеп жылдың аяғына пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ендігі кезекте аталған бағдарламаның тоқталуына байланысты қажетті 4 мектептің құрылысын жүргізу мәселесі ашық.

Ағымдағы жылы аудан бойынша 9 мектептің кітапханалары жаңғыртылды(Бердіқұлов ОМ, Б. Қыдырбекұлы ОМ, Қазыбек Бек ОМ, Таңбалытас ОМ, Жангелдин ОМ, Үлкен ОМ, Әубәкірова ОМ, Шилибастау ОМ, Қайназар №1 ОМ). Бұл жұмыстардың жалпы құны 5 млн. 754 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар, тағы 9 мектеп кітапханаларын жаңғырту жұмыстары жоспарлануда.

Ауданымыздағы мектептерді модернизациялау жұмыстары бойынша 6 мектептің физика кабинеттері (Абай ГМ, Ақсенгір ОМ, Қазыбек бек ОМ, Шиен ОМ, Қайназар №2, Мыңбаев ОМ), 8 мектепте химия кабинеттері (Ақтерек, Бердіқұлов, Қыдырбекұлы, Тарғап, Үмбетәлі, Сұңқар, Құтпанбетұлы, Қайназар №2), 7 мектепте биология кабинеттері жаңартылды (Әубәкіров, Таңбалытас, Жангелдин, Қасымбек, Үлкен, Шилібастау, Қайназар №2), 2 мектепте STEM кабинеттері орнатылды(Қарғалы №3, Ұзынағаш-1200).

«Табысты 50 мектеп» жобасы аясында 7 мектеп физика, химия, биология және STEM кабинеттерімен жабдықталған (Шиен, Жангелдин, Ақсенгір, Мыңбаев, №4 Қарғалы, Қарсақбаев, Таңбалытас). Бұл жұмыстар білім сапасын арттыруға және оқушылардың білімін дамытуға бағытталған.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауданда 16 Денсаулық сақтау мекемесі енгізілді. Оның ішінде: 882,4 млн. теңгеге Айдарлы, Жайсан, Ақтерек, Енбекшіарал, Шиен ауылдарының дәрігерлік амбулаториясының құрылысы жүргізілуде. Үлкен ауылының дәрігерлік амбулаториясының құрылысына 129,1 млн. бөлінді.

Қазіргі таңда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары үшін барлығы 8 бірлік медициналық жабдықтар 274,0 млн. теңгеге сатып алынды.

1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылау және скринингпен қамту көрсеткіші 98,9% құрады. Бұл көрсеткіш балалардың профилактикалық шаралармен, соның ішінде уақытылы медициналық тексерулер мен скринингтермен қамтылғанын білдіреді. Бұл ерте кезеңде ауруларды анықтауға, балалардың денсаулығын жақсартуға және аудан бойынша медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

2024 жылы жаңа туған нәрестелерге арналған интенсивті терапия инкубаторы, реанимация үшін анестезиологиялық-тыныс алу аппараты, икемді эндоскоптарды кептіру және сақтау шкафы, жасанды тыныс алу аппараты, маммография аппараты, флюорография аппараты, планшетпен жабдықталған қолды УЗИ аппараты сатып алынды. Жаңа құрал-жабдықтар халықтың денсаулығын сақтау және емдеу шараларын тиімді жүргізуге зор үлес қосады.

Кадр тапшылығын шешу үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2024 жылы 75 жас маманға тұрғын үй сатып алу үшін 620 млн. теңге несие және 100 маманға 65 млн.теңге көтерме жәрдемақы (100 АЕК 369,2 мың теңге) берілді.

Бұл білікті мамандарды тарту арқылы ауылдық елді мекендерде кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізуде.

Мәдениет саласы бойынша 2023-2024 жылдары 1 млрд. 763 млн. теңгеге Шиен, Қарғалы ауылдарында мәдениет үйлерінің құрылысы жүргізілуде. Үлгілі, Мәтібұлақ ауылдарының мәдениет үйлері қолданысқа беріледі. Одан бөлек 255,7 млн. теңгеге Сарыбай би ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтуде.

«Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ» республикалық айтысы өтті. Бұл айтыс аясында Ұлы ақын Үмбетәлі Қәрібаевтың 135 жылдығы және Мәтібұлақ ауылына 70 жыл толу мерейтойы аталып өтті. Іс-шарада өнер майталмандары мен жастар арасында қазақтың ұлттық өнері, ақындар айтысы кеңінен насихатталды.

«Инфрақұрылымға инвестиция салу» үшінші бағыт бойынша тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру үшін биыл инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 25,1 млрд.теңгені бөлінді.

Анықтама. Тұрғын үй қорын салуға – 1,7 млрд.тг., Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруа – 672,8 млн.тг, Коммуналдық шаруашылықты дамытуға – 357,9 млн.тг, Ауыз су жүйесінің құрылысына – 4,5 млрд.тг, Кәріз жүйесіне – 1,5 млрд.тг., Электрлендіруге – 1,1 млрд.тг, жарықтандыруға – 303,0 млн.тг., абаттандыруға – 1,0 млрд.тг., Мәдениет объектілерінің құрылысына – 706 млн. теңге, Автомобиль жолдарына – 1,9 млрд.теңге.

Тұрғын үй саласының негізгі міндеттердің бірі – халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Ауданда 3930 азамат тұрғын үй кезегінде тіркелген: көп балалы отбасылар – 1485; халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары – 1418; жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар – 471; тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар — 2; бюджеттік қызметкерлер 553 азаматты құрайды.

Ауданда тұрғын үй салу қарқыны жыл санап өсіп келеді.

Барлық санаттағы тұрғындарды несиелік тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Ұзынағаш ауылында жалпы құны 8,2 млрд. теңгені құрайтын 5 көп қабатты 10 несиелік тұрғын үй 480 пәтер салынуда.

Тұрғын үй кезегінде тұрған 3 930 адамды ескерсек, 2025-2027 жылдарға қосымша 5 көп қабатты тұрғын үйлер салу қажет.

Бұл ретте, білім, денсаулық сақтау салаларында қызмет жасайтын мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірлеуге 34,3 млн.теңге бөлінді.

2024 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 42 тұрғын үйді сатып алуға 1 млрд. 63 млн. теңге бөлінді.

Қазан айында кезекте тұрған 6 елді мекенінде тұратын 10 отбасыға Ұзынағаш ауылынан сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйдің кілті табысталды.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – маңызды мәселелердің бірі. Аудандағы 61 елді мекеннің 60 елді мекені орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген немесе 98,4 пайызды құрайды.

Кейінгі жылдары халық санының өсуіне байланысты ауданның 17 елді мекенінде жаңа тұрғын үй массивтерінің саны артты.

5 елді мекеннің ауыз су жүйелерін жаңғырту мен құрылыс жұмыстарына 4,5 млрд.теңге және Ұзынағаш ауылының кәріз жүйесін жаңғырту мен құрылысына бюджеттен 1,5 млрд.теңге бағытталды.

Сонымен бірге, 7 елді-мекендерінің ауыз су жүйелерін жаңғырту және құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеуге 224 млн. теңге бөлінді.

Нәтижесінде аулаларды ауыз сумен қамту деңгейін 87 пайызға дейін жеткізу жоспарланған.

Ауылды елді мекендерді газдандыру үлкен мәселе, бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда, яғни атап айтсақ 2024 жылға ауданның 12 елді мекендерін газдандыруға бюджеттен 6,2 млрд. теңге қаражат қарастырылды. Ағымдағы жылы Тарғап, Самсы, Үлгілі, Ақтерек ауылдарына газ құбырын жүргізу жұмыстары аяқталып, аудан бойынша газдандырылған елді мекендер саны 31-ге жетті. Ауданда 31 575 жеке тұрғын үй бар, оның ішінде 23 795 үй табиғи газға қосылған, бұл 75%-ды құрайды.

Аталған елді мекендерде газдандыру мәселесі шешілген жағдайда, газдандыру деңгейі 65 пайызды, аула саны бойынша 92%-ды құрайтын болады.

Аудандық маңызы бар ауылішілік жолдардың ұзындығы 915 шақырым, оның ішінде 558 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда немесе 61%.

2024 жылы елді мекендер жолдарын жөндеу, күтіп ұстау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 1,5 млрд. теңге бөлінді, 35,6 шақырым елді мекендердің автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланды. Оның ішінде: 7 елді мекеннің автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына (Ұзынағаш, Сарыбай би, Дегерес, Бесмойнақ, Қарғалы, Жайсан). «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында 2 елді-мекеннің (Қазыбек бек, Еңбекшіарал) жолдарына 441 млн.теңге бөлінді.

Сонымен қатар, инклюзивті ортаны құру бойынша жұмыстар жүргізілді.

2024 жылдың үшінші тоқсанында мемлекеттік тапсырма аясында ерекше қажеттіліктері бар 1 000-нан астам балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетілді. Бұл қолдау бағдарламасы бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар 83 балаға қажетті мекемелерден психолог-педагогикалық көмек көрсетілді.

Криминогендік жағдайын жақсарту мақсатында аудан бойынша 800 қоғамдық бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Сергек» жүйесінің 30 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда (орнату орындары анықталды).

2024 жылы аудандық полиция бөлімшесіне екі автокөлік берілді: Kia Sportage және JAC.

Ауданда өрт депосының ғимараттарын қайта жөндеу жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Бұл шара өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру қызметінің жұмысын тиімдірек жүргізу мақсатында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, халықты төтенше жағдайлар кезінде хабардар ету үшін 42 сиренно-речевых орнатқыштарын сатып алу жоспарланып отыр.

Төртінші бағыт қолайлы экологиялық ортаны қалыптастыру аясында 2027 жылға полигонды талаптар мен санитарлық ережелерге сай келтірілетін болады.

Одан бөлек, 2025-26 жылдары барлық ауылдарда қоқысты бөлек жинауға және құрамында сынап бар қалдықтарды жинауға арналған кемінде 80 контейнер орнату жоспарланған.

 

 

 

 

 

 

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments