Суббота, 26 июля, 2025
Басты бетЖаңалықтар«AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының ұйымдастыруымен Айдарлы, Сарытауқұм және Бозой ауылдарында мобильді...

«AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының ұйымдастыруымен Айдарлы, Сарытауқұм және Бозой ауылдарында мобильді қоғамдық қабылдау шарасы өтті

Шараның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының көкейкесті мәселелерін тыңдап, оларға нақты шешімдер ұсыну, сондай-ақ халық пен билік арасындағы байланысты нығайту.
Айдарлы ауылының мәдениет үйінде өткен кездесуге:
•Алматы облыстық мәслихат депутаты Меруерт Сағындыққызы Молдашева,
•Жамбыл аудандық мәслихат депутаттары Жанат Алиакбарқызы Абдымолдаева мен Дәурен Дәукенұлы Тойбаев,
•Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Аян Асқарұлы Нұрпейісов қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар:
•инфрақұрылым мәселелері,
•денсаулық сақтау,
•ауыл шаруашылығы,
•суармалы жерлер мен жарыққа қатысты проблемаларын көтерді.
Жауапты сала мамандары әр сұрақ бойынша нақты жауаптар беріп, кейбір мәселелер бойынша орында қаралып, бақылауға алынатынын жеткізді.
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments