Пятница, 27 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарCOVID-19: тағы да 300 адам вирус жұқтырды

COVID-19: тағы да 300 адам вирус жұқтырды

2020 жылдың наурыз айынан бастап барлығы 35 823 зертханалық расталған КВИ жағдайы тіркелді, оның ішінде 24 215 жағдай симптомдармен деп тіркеледі. Бұл туралы Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз-хатшысы Әлия Шагиахмет хабарлады.

Қазіргі кезде, 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1676,0 құрап отыр.
Өткен жылдан бері Текелі (1281), Талдықорған (7913) қалалары мен Көксу (1075), Қаратал (1433), Панфилов (2252), Ұйғыр (1263), Ескелді (965), Талғар (4440) аудандарында індетке шалдығу көрсеткіші жоғары болып келеді.
Сақтық шаралары қатаң сақталғанымен, әлі де болса коронавирусқа шалдыққандар күн санап артып келеді. Мәселен, соңғы тәулікте КВИ-дың 300 жағдайы тіркеліп, өсу қарқыны-0,8%-ға жетті.
«КВИ анықталған 300 жағдайының 61-і 14 жасқа дейінгі балалар, оқушылар арасында 14 жағдай және студенттер арасында 4 жағдай анықталды»,-дейді спикер.
Вакцинаға келер болсақ, екпенің бірінші бөлігін 601 475 тұрғын қабылдаса, екінші компонентін 464 510 адам салдырған.
Айта кетейік, жыл басынан аймаққа екппенің 679 255 дозасы келіп түсті. Бүгінгі таңда облыста 77 780 доза вакцина қалды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments