Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтар«E-salyq-Azamat» мобильді қосымшасы іске қосылды

«E-salyq-Azamat» мобильді қосымшасы іске қосылды

«E-salyq-Azamat» мобильді қосымшасы
2020 жылдан бастап «Электрондық салық әмияны» «E-salyq-Azamat» мобильді қосымшасы іске қосылды. Оны App Store немесе Play Market-тен тегін жүктеп алуға болады.
Аталған қосымшаның көмегіне жүгіну үшін әуелі, мобильді азаматтар базасына тіркелу керек. Сервис азаматтарға дайын деректемелер бойынша төлем жүргізу мүмкіндігімен бір мезгілде оны төлеу мерзімі басталғанға дейін алдағы салық сомасын білуге мүмкіндік береді.
«Бұрын салық төлеушіге банкке бару, кезекте тұру, банк комиссиясын төлеу, салықты төлеу үшін көптеген деректемелер мен кодтарды таңдау қажет болатын. Бұдан басқа, Салық әмиянында мүлікке, жерге және көлік құралына қолда бар салық салу объектілері бойынша онлайн толтыруды, автотасымалдауды және қарауды жүргізуге болады»,- дейді Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Қарақат Сұлтанғалиева.
Азаматтар үшін қосымшаның бір пайдасы, олар жинақтаушы зейнетақы қорларына және басқа қорларға есептеулер жүргізілгенін өзі тексере алады.
— «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы Сервис» (берешекті бір мезгілде төлеу мүмкіндігімен тексеру);
— «ЖТ және ДК алдағы төлемдер сервисі» (салықтар бойынша болашақ төлемдерді тексеру);
— «Калькулятор» (көлікке салынатын салықты және ЖТС, өсімпұлды есептеу);
— «БЖТ төлемі» (ЕХӘҚМ және «Қазпочта» АҚ интеграция жүргізілді»);
— «Электрондық кезекті Онлайн брондау» (кезекті МКО бармай-ақ брондау);
— «Салық төлеушілерді іздеу» (салық есебінің бар болуын тексеру);
— «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» (азаматтық-құқықтық шарттар жасау кезінде тіркелуі тәуекелдерді бағалау үшін жарамсыз деп танылған жалған кәсіпорынның мәртебесін тексеру);
— «Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы және салық есептілігін кері қайтарып алу туралы мәліметтер»;
— «Анықтамалықтар» (бизнес субъектілерінің тізілімдері, ЕТЖ, АЕК, МКО анықтамалары, МКК АЖ-мен оларды жедел өзектендіре отырып біріктірілген));
— «Салық күнтізбесі» (декларацияларды табыс ету мерзімдері, салықтарды төлеу мерзімдері);
— «Шағымдардың электрондық кітабы»;
— «Жиі қойылатын сұрақтар». Мұнда МКК байланыс орталығына келіп түсетін өзекті сұрақтарға жауаптар бар (күніне шамамен 1,5 мың қоңырау түседі). Жеке тұлғалардан сұрақтардың 60%-ға жуығы салық салу объектілері бойынша салықтарға, берешекке, салық төлеу мерзімдеріне қатысты келіп түседі.
Сондай-ақ, қосымшаның негізгі мәзірінде «Электрондық салық әмияны», Салық салу және түзету объектілері сынды электрондық қызметтер бар.
Естеріңізге саламыз, E-Salyk Azamat мобильдік қосымшасында жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша сервис іске асырылды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments