Қоғам үшін маңызы зор сала қызметкерлері арасында «Жас кеңес сыйлығы» конкурсы жарияланды. Оған құтқарушылар, полицейлер, өрт сөндірушілер, акушерлер, жедел жәрдем қызметкерлері, тау-кен өндірісі мамандары қатыса алады. Бұл – басшылық қызметтегі емес, қарапайым жұмыскерлер арасындағы жарыс. Үміткер Қазақстан аумағында тұратын, жасы 35-ке дейінгі азамат болуы шарт. «Жас кеңес сыйлығы» Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің бастамасымен ұйымдастырылған. Бас жүлде – 1 миллион теңге. Конкурсқа өтінім қабылдау 18 маусымнан, яғни бүгіннен бастап 21 шілдеге дейін жалғасады. Сайысқа Жаскеңес.kz сайты арқылы тіркелуге болады. 7 номинация бойынша 14 жеңімпаз анықталады. «Олардың әр қайсысына 1 миллион теңгеден табысталады», – дейді ұйымдастырушылар. Үміткерлер өздері жайлы резюме, эссе жазып ақпарат беруі тиіс