Пятница, 11 октября, 2024
Басты бетUncategorizedАбай облысында эвакуацияланған адамдар өз ауылдарына оралып жатыр

Абай облысында эвакуацияланған адамдар өз ауылдарына оралып жатыр

Абай облысындағы орман өрті кезінде эвакуацияланған Бұлақ ауылының 117 адамы, оның ішінде 50 бала кеше үйлеріне оралған болатын. Ал бүгін Половинка және Талица тұрғындары да өз ауылдарына оралды.

«Семейдегі Половинка және Талица ауылының эвакуацияланған 72 адам, оның ішінде 24 бала үйлеріне қайтарылды. Өрттің таралу қаупіне байланысты ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Қазір жағдай тұрақталды, биліктің толық бақылауында. Тұрғындарды үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданды».Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, 8 маусымнан бері бой бермеген Абай облысындағы орман өрті тек 14 маусымда сағат 21:00 уақытында оқшауланғаны жарияланды.

Табиғи апат кезінде орман шаруашылығының 14 қызметкері және бір тракторшы қаза тапты. Өртке жақын маңдағы елдімекендердің тұрғындары эвакуацияланды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments