Пятница, 19 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысындағы жолдардың сапасын 95%– ға дейін арттыру көзделген

Алматы облысындағы жолдардың сапасын 95%– ға дейін арттыру көзделген

Алматы облысында ағымдағы жылы барлығы 419,2 шақырым жолды жөндеу жоспарлануда. Бүгінгі күнде 17 млрд. теңге игерілді және 286 шақырым автомобиль жолдары жөнделді. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды.
Аймақта 12,3 шақырым автомобиль жолдары қайта жаңартылады деп күтілуде. Бұл мақсатқа қазынадан 8,6 млрд.теңге қаражат қарастырылған. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар «Алматы-Өсемен-Лепсі –Ақтоғай» күре жолының 35-110 км жөндеуден өтпек. Аталмыш жол бөлігін жақсартуға 14,3 млрд. теңге керек екен. 2021 жылға -2,7 млн. теңгесі аударылды. « Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығынан «Нұрлы Жол» кеден бекетіне дейінгі автомобиль жолының қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынған. Жол сапасын арттырмаққа биылғы жылға – 2,0 млрд. теңге бөлінген еді.
Облыс орталығынан шалғай жатқан «Сарыжаз-Қарсаз-Текес» ауылдарындағы 24-32,2 шақырым жолдардың реңі кірмек. Сондай-ақ, Тұзкөл ауылына кіреберістегі 0-6,7 км жолда жөндеуден өтеді.
Айта кетейік, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылға 264,4 шақырым жолға 19,8 млрд. теңге қаражат бөлініп, 01 қырүйегіне 9,4 млрд. теңге игерілді және 101 шақырым автомобиль жолдары жөнделеді деп күтілуде.

«Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына 27,7 млрд.теңге бөлінді. 419,2 км автомобиль жолдарын қайта жаңарту және жөндеу жоспарлануда. Бұл тек осы жылға арналған жұмыстар кешені. Жыл сайын жөндеу жұмыстары көбірек жолдарды қамтиды. Осылайша, 2025 жылға қарай Алматы облысындағы жолдардың сапасын 95%– ға дейін арттыру жоспарлануда», — деп атап өтті Алматы облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов.

Баспасөз-мәслихаты барысында Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев Алматы маңындағы айналма жолдар мен жаяу жүргіншілер өтпесі туралы тілге тиек етті.
«Қазіргі уақытта Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейінгі 6 радиалды жолдарды салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2018-2020 жылдардағы кезеңге көпірлерді кезеңді түрде қалпына келтіру бағдарламасы әзірленген. Осыған сәйкес 108 көпірдің жөндеу жұмыстарын 3 кезеңге бөліп, 1 кезекте апатты деп танылған 31 көпірдің жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді»,-деп атап өтті Ғалымжан Терімғалиұлы.
2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 84% — ды құрады, ал осы жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 89% — ды құрайтын болады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments