Понедельник, 14 октября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында Алматыға қатынайтын 10 автобус бағыты ашылады

Алматы облысында Алматыға қатынайтын 10 автобус бағыты ашылады

Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Алмас Батанов айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, Алматы қаласы өз аумағынан 50 шақырым радиустағы елді мекендерді қоғамдық көлікпен қамтамасыз етеді. Дегенмен соңғы уақытта шаһарға іргелес жатқан облыс аудандарының тұрғындары автобустардың жоқтығына көп шағымданып жатыр. Аталған мәселені шешу үшін облыста биылғы жылдың 3-тоқсанында Алматыға қатынайтын 10 автобус бағытын ашу жоспарланып отыр», — деді Алмас Батанов.

Автобус маршруттары келесідей болмақ:

• Қарасай ауданы бойынша — «Сайран автовокзалы — Алмалыбақ ауылы – Жалпақсай ауылы (Сұлусай к. арқылы) – Жамбыл ауылының жаңа шағын ауданы – Көлді ауылы – Мерей ауылы»

• Қарасай ауданы — «Қаскелең қ. — СДУ — Алмалыбақ а. — Абай к. — Алматы қ. (Сайран автовокзалы)»

• Қарасай ауданы — «Жібек жолы а. — Алматы қаласы (Сайран автовокзалы)»

• Іле ауданы — «Көкқайнар а. 1,2,3 — М.Түймебаев а. — Көкжиек ш/а. — Алматы қ. (№1 Теміржол вокзалы)

• Талғар ауданы — «Дәулет а. — Жаңалық а. — Өтеген батыр а. — Покровка а. — Алматы қ. (Саяхат автовокзалы)

• Қарасай/Жамбыл ауданы -«Қарғалы а. — Бекболат а. — Үшқоңыр а. — Қаскелең қ. — Алмалыбақ а. — Алтын Орда базары — Сайран автовокзалы»

• Жамбыл/Қарасай ауданы — «Мыңбаев а. — Қасымбек а. — Алмалыбақ а. — Қалқаман ш/а — Сайран автовокзалы»

• Іле ауданы — «Междуреченск а. – Чапай а. — Комсомол а. — Жәпек батыр а. — №1 Теміржол вокзалы

• Іле ауданы — «Ащыбұлақ саяжайлары – №1 Теміржол вокзалы

• Қарасай/Іле ауданы — «Исаев а. — Береке а. — Ақсеңгір а. — Боралдай к. — №1 Теміржол вокзалы.

Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі таңда автобус маршруттарын, қозғалыс сызбалары мен кестелерін әзірлеу, автобустарға арналған аялдамаларды дайындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Алматы облысында жолаушылар және жүк тасымалымен айналысатын 7 автостанса бар. Өңірдің маршруттық желісіне 93 автобус қатынасы кіреді. Оның ішінде, 3 облысаралық және облысішілік, 27 ауданаралық, 37 ауданішілік (қалаішілік), 26 қала маңындағы бағыттары қызмет етеді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments