Суббота, 14 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында Алғыс айту күніне орай 100-ге жуық іс-шара өтеді

Алматы облысында Алғыс айту күніне орай 100-ге жуық іс-шара өтеді

Бұл туралы кезекті баспасөз мәслихатында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Жандар Асан айтты.
Оның айтуынша, облыста Алғыс айту күнін жалпыхалықтық деңгейде атап өту үшін арнайы «Рақмет саған, Qazaqstan!» атты кешенді медиа жоспар әзірленді.
«Бұл жоспар 3 бағыттан, 100-ге жуық іс-шарадан тұрады. Шаралардың бірінші бағыты – қоғамдық-бұқаралық, екіншісі – ақпараттық-насихаттық, үшіншісі – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету», — деді Жандар Асан.
Маманның мәліметінше, мерекелік онкүндік 20 ақпанда «Алғыс айту күнінің басты идеясы не?» тақырыбында эссе жазудан мектеп оқушылары арасындағы облыстық байқаудан басталады.
Мерекелік іс-шаралар шеңберінде «Жүректен жүрекке» қайырымдылық науқаны, «The Spirit of Ethnos» фестивалі да ұйымдастырылады.
«Алғыс айту күнін атап өту кезінде еңбек ұжымдары мен білім беру ұйымдарында, қоғамдық орындарда идеологиялық хабарларды ақпараттық кеңістік арқылы ілгерілетуге басымдық берілмек. Атап айтқанда, «Туған елге алғыс» бейне құттықтаулары, «Атаулы күннің ақиқаты» атты телепікір топтамасы, шығарпма оқудан челлендж және т.б. медиа жоспарлар жүзеге асырылады», — деді ол.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments