Пятница, 21 июня, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында бакалея өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін Үкіметтен 1 млрд теңге бөлінді

Алматы облысында бакалея өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін Үкіметтен 1 млрд теңге бөлінді

Өңірдегі кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы Әділ Әбілдаевтың айтуынша, Алматы облысында бакалея өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін Үкіметтен 1 млрд теңге бөлінді.

Бұл ақшаға жалпы салмағы 2095 тонна болатын 7 түрлі өнім сатып алынды. Тауар облыста қойманы жалға алу мәселесі шешілген соң ақпан айында жеткізіледі.

Сондай-ақ кәсіпкерлік басқармасының маманы өңірдегі «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе отырып, Қонаев қаласында әлеуметтік маңызы бар тауарларды сататын дүңгіршектерді ашу сұрағы талқыланып жатқанын айтты. Бүгінде 7 дүкенмен келісімге келу жоспарланып отыр.

«Жоғарыда аталған шаралармен қоса, Қонаев қаласының «Алға» және «Жетісу» базарында апта сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып жатыр. Бұл жерде саудаланатын тауарлардың бағасы дүкендегіден қарағанда 10-15 пайыз төмен. Аудан және ауыл әкімдіктеріне жәрмеңкелерді мейлінше көбірек өткізу туралы тапсырма берілді», — деді Әділ Әбілдаев.

Жуаның бағасын тұрақтандыру үшін екіжақты келісімге қол қойылды
Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз мәжілісінде сөз етілді.
Алматы облыстық кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы Әділ Әбілдаевтың айтуынша, соңғы аптада өңірде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 0,7-2,5 пайыз аралығында өсті. Аталған мәселені шешу үшін басқарма тарапынан бірқатар шаралар қолға алынды.
Нақтырақ айтсақ, жуа бағасын тұрақтандыру үшін «Фирма Алтай» ЖШС-мен мамыр айына дейінгі маусымаралық кезеңде барлығы 300 тонна жуаны кәсіпкерлерге 150 теңге бағамен сату туралы келісімшартқа қол қойылды.
Сонымен қатар бөлім басшысы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын министрлікте белгіленген индикаторға жеткізу мақсатында жеңілдікпен несие берілетінін айтты. Ол үшін облыстық бюджеттен 4,5 млрд теңге бөлінді.
«Бұл несие «айналым сызбасы» бойынша жүзеге асырылады. Жақын арада кәсіпкерлерден ұсыныс қабылдауды бастаймыз», — деді бөлім басшысы.
Қазіргі таңда облыста «айналым сызбасы» бойынша жұмыс істеп жатқан шаруашылықтарда 560 тонна картоп қоры бар. Картоп 150-200 теңге аралығында кәсіпкерлерге сатылады. Ал дәл осы сызбаға сүйенген келесі «Нұрбек» шаруашылығында 195-220 теңге аралығында саудаланатын 100 тонна сәбіз, 220 теңгеден жуаның 100 тоннасы, 130-150 теңгеден қырыққабаттың 200 тоннасы бар.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments