Жексенбі, Қыркүйек 25, 2022
Басты бет Тәуелсіздікке 30 жыл Алматы облысында БАҚ өкілдеріне «Халық алғысы» медалі табыс етілді

Алматы облысында БАҚ өкілдеріне «Халық алғысы» медалі табыс етілді

Журналистер үйінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтіп, Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов БАҚ және идеология саласының қызметкерлерін марапаттады.


«Бұқаралық ақпарат құралдары кез келген қоғамның дамуында маңызды рөл атқарады, журналист мамандығы құрметті де жауапты. Біз әрқашан өңіріміздегі медиа-қоғамдастықтың өкілдерін ең маңызды әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруда сенімді серіктес ретінде қарастырамыз. Өйткені, объективтілік, жеделдік пен кәсібилік – жетісулық журналистерге тән басты қасиеттер», – деді Батыржан Байжұманов.
Бас мемлекеттік мереке қарсаңында «Халық алғысы» медалімен «Жетісу» телеарнасының директоры Серік Сарыбаев, «Жетісу» телеарнасының редакторы Гүлжанат Мақұлжанова, «Жетісу» газетінің фототілшісі Жұмабай Мұсабеков, «Жетісу» газетінің журналисті Айгүл Байбосынова марапатталды.
БАҚ пен медианың дамуына қосқан орасан зор үлесі үшін «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» медалі көп жылдық тәжірибесі бар журналистер, журналистиканың ардагері, ҚР Журналистер одағының мүшесі Тілеуқабыл Мыңжасар, «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Жанәділов, Алматы облысы бойынша «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Гүлнар Жантасова, қоғам қайраткері және «Сердитый талдыкорганец» паблигінің жетекшісі Сандуғаш Дүйсеноваға табыстады.
Сонымен қатар, аталған саланың 30-ға жуық маманы облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың, Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетовтың атынан алғыс хаттар беріліп, ішкі саясат басқармасының өкілдері де алғыс хаттармен марапатталды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments