Пятница, 26 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында «Брайль» әліппесінің жаңа түрі таныстырылды

Алматы облысында «Брайль» әліппесінің жаңа түрі таныстырылды

   Жарық әлемді көруге зәру жандардың әдетте түйсігі мен білімі өзгеден озық дейміз. Алайда, сондай дәрежеге жетіп, мүмкіндігінің шектеулі болуына қарамастан білімі мен білігін арттыруға күш қайраттан бұрын арнайы бағыттағы оқу жүйесін меңгеруі қажет. Ол- «Брайль». Көру қабілеті бұзылған азаматтың жазу, оқу дағдысын қалыптастыруға арналған жүйе.

   Брайль әріптері дәл екі бағанға бөлінген алты нүктемен ұсынылған. Мәтін оңнан солға қарай оқылады, ал келесі бетте солдан оңға қарай жүреді. Нүктелер баған бойынша жоғарыдан төмен қарай нөмірленеді және алдымен оң жақтан, содан кейін сол жақтан оқылады.
Нүктелер өлшемдері мен олардың бағандары мен арақашықтықтары үшін жалпы қабылданған нормалар бар. Тану үшін жеткілікті минималды белгі биіктігі — 0,5 мм. арақашықтығы 2,5 мм. болатын тесіктер Бұл құрылым зағиптарға белгілерді жанасу арқылы оңай танып, оқу дағдыларын тез игеруге мүмкіндік береді.
Бүгінде ерекше жандар пайдаланып жүрген «Брайль» әліппесі Рессей де шығарылған. Ол пласстиктан жасалған. Он таңба, яки қаріп белгіленген.
   Арнайы торшада 6 тесіктер орналасқан. Әр тесік-1 әріп. Сол арқылы жанарынан айырылғандар жазып, оқиды. Шағын етіп жасалған арнайы әліппенің кемшілігі де жоқ емес. Ондағы арнайы әріпті белгілеуге арналған алюминийден жасалған таяқшасы ұстауға ыңғайсыз және де қаріп саны аз болғандықтан ұзақ сөйлемді оқу мүмкін емес. Көрші елдің жіберген олқылығын дұрыстау мақсатында Алматы облысы «ДОС» мүгедектер қоғамы ҚБ төрағасы Қуаныш Қапанов жаңа үлгідегі «Брайль» әліппесін жасап шығарды.
Мұндағы қаріптер саны 72-ні құрайды. Ұзақ сөйлемді, өлең жолдарын оқуға, я болмаса, қағаз бетіне түсіруге ыңғайлы. Ұяшықтардың арасын бөліп тұратын шағын белгілері де қарастырылған. Шахмат тақтасына ұқсас әліппе ағаштан жасалған. Оның әріптерді белгілеуге арналған таяқшасы да қолға ұстауға ыңғайлы.
   «Брайль қағазға жазу нысандары — арнайы құрылғы мен қорғасын арқылы қолданылады. Таңбаларды пайдаланып бөлектеу әдеттегідей. Олар бас және кіші әріптердің алдына қойылады. Егер қаріптердің әр түрлі түрлері болса, онда бұл таңбалар екпінді сөздерден немесе сөйлем бөліктерінен бұрын және кейін орнатылады»,-дейді Алматы облысы «ДОС» мүгедектер қоғамы ҚБ төрағасы Қуаныш Қапанов.

   Көру қабілеті бұзылған адамдар үшін нүктелі «Брайль» — жазу мен оқуды үйренудің жалғыз әдісі. Мүмкіндігі шектеулі адамдар осы дағдылардың арқасында сауатты және тәуелсіз болып қана қоймай, сонымен қатар жұмыс табуға мүмкіндік алады.

  Айта кетейік, Қуаныш Болатбекұлы көзі нашар көретіндерге «Брайль» әліппесін тегін үйретуде. Өзгеше қаріпті үйренем деушілердің жас жамасына шектеу жоқ. Оның басты мақсаты-зағиптардың білімсіз зардап шегуінің алдын алу.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments