Пятница, 11 октября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында деструктивті діни контенттерге тіркелген азаматтар саны 13 мыңнан асқан

Алматы облысында деструктивті діни контенттерге тіркелген азаматтар саны 13 мыңнан асқан

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы Ерлан Матаев хабарлады. Қолданушылардың басым бөлігі Талғар, Қарасай аудандары мен Қонаев қаласының тұрғындары. Қазіргі таңда, деструктивті діни ағымдардың жастарды арбау әрекеттері ғаламтор ресурстары арқылы, соның ішінде әлеуметтік желілерде жүзеге асуда. Дін істер басқармасының сараптауы бойынша, Алматы облысының аумағында деструктивті діни контентке тіркелген азаматтар саны инстаграмм әлеуметтік желісінің өзінде 13158 қолданушы және 854 топ бар.
Сараптама барысында былтыр аймақ аумағында деструктивті контент бойынша орта есеппен 51 мың материал жойылған. Қазіргі таңда, күмән тудыратын 101 мыңнан астам сілтеме Дін істері комитетінің қарауына жіберілген.
Ерлан Жұманұлының айтуынша, жат ағымды насихаттаушыларды оқып, тыңдағандарға 1800 хабарлама жіберіліп, ескерту жасалған. Өйткені, жат ағымның жақтастары мыңдаған тіркелушілерді тез жинайды. Негiзінде жастар мен орта жас өкілдері көптеп отыратын бұл платформаларда деструктивті, радикалды идеялар тез таралып, өз діттеген мақсатты аудиториясына жетіп отырады.
Облыс бойынша деструктивті контентті қолданатындардың басым бөлігі 18-30 жас . Облыс аумағында әлеуметтік желідегі жат ағымды насихаттаушы парақшаларға мониторинг жұмысы ісі әлі де жалғасады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments