Понедельник, 27 мая, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында жоғалған бүлдіршінді іздеуге "Қазавиақұтқару" тікұшағы тартылды

Алматы облысында жоғалған бүлдіршінді іздеуге «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылды

Ведомство мәліметінше, 17 наурыз сағат 21:44-те Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылы Безымяное көлінің маңында 2021 жылы туған қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. «Бүлдіршін 16:30-да ересектердің қарауынсыз қалып, үйден шығып кетіп оралмаған. Іздеу орнында жедел штаб құрылды. Іздеу жұмыстарына ТЖД, РЖҚЖ, ПД, ҰҰ ә/б, аңшылық шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, еріктілер арасынан 300-ге жуық адам және 80-ге жуық техника, тепловизоры бар 4 пилотсыз ұшу аппараты, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды», — делінген ТЖМ хабарламасында. Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, бала жүруі мүмкін деген жерлердің барлығы тексерілуде. Сондай-ақ РЖҚЖ құтқарушылары 30 метр қашықтықта орналасқан су қоймасын да сүзіп шықты. Бұдан бөлек тартылған күштер мен құралдар кинологиялық есептоптарды пайдалана отырып, оқиға орнында және су қоймасының жағалау сызығы бойымен іздестіру жұмыстарын жүргізуде. «Үздіксіз байланысты қамтамасыз ету үшін іздеу жұмыстары орнында ТЖД командалық-штабтық машинасы орналастырылды. Іздеу жұмыстары жалғасуда», — деп қосты ТЖМ өкілдері.

Алматы облысының Күш ауылында үш күн бұрын жоғалып кеткен кішкентай қызды іздеу жұмысына 300-ге жуық адам мен арнайы үйретілген иттер жұмылдырылған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments